Клип түсіріп те қарық қылмадық-ау...

Ағылшын тілінен аударғанда клип – қиынды дегенді білдіреді. Яғни, өзіндік айтар ойы бар, киносынды қысқа көркем туынды. Алайда экранға жол тартқан клиптердің барлығын көркем туынды десек қателесерміз. Бүгінде жас әншілер танымал болудың төте жолы бұрқыратып клип түсіріп, теледидардан түспеу деп санайтын сықылды.
Өкінішке қарай, көпшіліктің талғам таразысын төмен тартатын туындылар күн сайын емес, сағат сайын теледидардан беріліп көзді сүйелдеп бітті. Әнші біткеннің бәріне бірдей топырақ шашудан аулақпыз. Арасында өнер көшінің санын емес, сапасын түсіріп, бір қарын майдың обалына қалып жүргендеріне айтар назымыз бар. Кез-келген туынды кино болсын, клип болсын ортаға тастар ойы, тағылымы, тәлімі болуы керек емес пе? Алайда қалай болса солай түсірілген клипсымақтар қаптап кетті. Көрермен ләззәт алудың орнына безіп қашардай күйге түсті. Клиптердің басым бөлігі сүйгеніне жету үшін үйден қашып кеткен қыз, ғашығы қарамай кеткен соң өзін өлімге қиған жігіт, дегеніне жете алмаған соң бәсекелесінің басын алатын қанішерлерді насихаттауға көшкендей. Тіпті, кейбіреулері адам өлтірудің нешетүрлі айла-шарғысын соқырға таяқ ұстатқандай үйретуді көздейтін сықылды. Скрипкашы Лананың соңғы түсірілген клиптерінде дүниежүзін шарпыған алапат соғыс, жер сілкінісі, тасқыннан қырылған жұртты ...нысанаға алыпты. Қарап отырып жаның түршігеді. «NN-бек» тобының «Жоқ» деген әніне түсірілген клипте де адам қанын жүктеудің жоғары дәрежесіне көз жеткізесіз. «Ұлытау» тобының клиптері жоғары сапалылығымен тамсаныдырып жүрген. Алайда «Жұмыр қылыш» атты клипте бір әттеген-ай дегізетін эпизоды бар. Киіз үйге кіріп келген жігітке қарай кесе толы қымызды лақтырады. Қазақша боевиктің таптырмас үлгісі деуге болады... Тізе берсең тіптен көп... Ұлттық салт-дәстүрді насихаттаймыз деп «басын жарып, көзін шығарып» жүргендер де жетерлік. Жаздың аптап ыстығында сеңсең бөрік, не түлкі тымақ киіп терлеп тепшіген сақалы қауғадай шал, жап-жас келіншекке кимешек кигізіп қазақ деген осындай халық деп білместігімен күлкіге қалып жүргендерін бағамдамайды. Атам қазақ жазда киетін киімді білмей өткендей-ақ. Ұлттық киімдердің қай кезде қалай киіндіру керектігінің өз орны бар. Өздері білмесе білетін мамандардан ақыл сұраса қайтеді? Үлкеннің алдын кеспеу, ауылға қарай атпен шаппау деген сияқты бойымызға сіңген асыл қасиеттерді мансұқтап, жас ұрпаққа жеккөрінішті етіп әсірелегенде ұтары не?
Отандық кинорежиссерлердің басым бөлігі бүгінде табысты болған соң осы жанрда тер төгіп жүргені белгілі. Сценарий бойынша жұмыс істеп үйренген сала мамандары бұл жанрда неге сценарийге көңіл бөлмейтіндігі түсініксіз. Сценарий бойынша белгілі бір оқиғаны нысана етіп алып, астарлы ой тастап, мәнді де мағыналы етіп беру керек емес пе? Алайда бұл жағынан алғанда бір қайнауы кем болып тұр. Нәтижесінде ән бір бөлек, әнші бір жақта, клип мүлде басқа жаққа лағып кетеді. Клипмэйкерлердің кемшілігі осында. Әннің мағынасына байланысты қатып қалған қағида болсын дегіміз жоқ. Бірақ көрерменді де сыйлау қажет емес пе? Кейбірін қарап отырып «қайран желге ұшқан ақша, қор болған есіл еңбек» демеске шараң жоқ....
Шетелдіктерге ұқсағысы келе ме, біздің әншілер түсініксіз дүниелерге құмар. Қабырғасы құлап қалған үй, айдаладағы кереует, теңіз ортасындағы рояль... Мұнысымен не айтқысы келгенін түсініп көр. Түсініксіз дүниенің тамсандырары да аз болар... Бүгінде күн тәртібінде күйіп тұрған мәселелер жеткілікті. Тіл, діл, дін, айта берсең толып жатыр. Жастарды отансүйгіштікке үндейтін керемет клип түсірсін. Сөйтіп ұлттық мүддеге тамшыдай болса да үлес қосса соның өзі ауыз толтырып айтар артықшылық болар еді. Ауызды қу шөппен сүрте беруге де болмас. Ерболат Құдайбергеновтың «Мен қазақпын...» атты әніне түсірлген клипі көпшіліктің көңілінен шыққан дүние. Қазақ халқының басынан өткерген құқайларының барлығы көз алдыңнан өтеді. Жеткен жетістіктерін көріп отырып көңіл марқаяды. Клипқұмар әнші қауым птриоттық рухтағы осындай дүние ұсынса ұтары көп. Ал, махаббат, сезім сықылды «дежурный» мәселелер екінші планда-ақ қала тұрсын... Сосын клип атауын қазақыландырудың кезі келген сықылды. Біреулер бейнебаян, енді бірі бейнесаз деп әртүрлі атап жүр. Бір тоқтамға келтіру керек сияқты...
Бәрін айт та, бірін айт, жұлдыздарымыз көрермен көзқарасынан қорытынды шығарып, мәнді де, мағыналы көркем туынды ұсынса деген тілектестігіміз бар. Сонымен бірге клиптерді де көркемдік кеңестің талқысынан өткізетін кез келген сықылды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста