Кітапбаевтың бесінші кітабын облыс әкімі шығарып берді

Шығыста шежірелі қарттар аз емес. Соның бірі де бірегейі – Ұлы Отан соғысының ардагері, Социалистік Еңбек Ері Бошай Кітапбаев ақсақал.
Тоқсан жасқа қараған қария бұған де­йін төрт кітап шығарған-ды. Жақында «Ай­та-айта Алтайды, Бошай ата қартай­ды» атты бесінші кітабын жарыққа шы­ғар­ған қарияның жаңа туындысының тұсау­кесеріне Шығыс Қазақстан облы­сының әкімі Бердібек Сапарбаевтың өзі қатысты.
Ұлы Отан соғысына қатысып, майдан даласында бір аяғынан жараланып, елге оралып, қарапайым колхозды миллионер колхозға айналдырған, әйгілі жазушы Ғабит Мүсіреповтің өзін тамсандырып, Дін­мұхамед Қонаевпен сырлас болған ақсақалды шығыс жұрты қадір тұтады.Содан да болар, аймағына қадірлі ақсақал­дың бесінші кітабының жарық көруіне облыс басшысының өзі қолғабыс етіпті.
Бердібек Сапарбаев, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:
– Адам өмірге келеді, кетеді. Өмірде мәңгілік қалатын дүние – кітап. Біз кітап арқылы бүгінімізді жазып, болашаққа қолтаңбамызды қалдыра­мыз. Бошай атамыздың бойындағы ең үлкен қасиет – жасының ұлғайғанына қарамай, оқығанын, ойға түйгенін түртіп, жазып жүреді. Екінші бір қасиеті – турашыл мінезі. Президент болсын, министр болсын, әкім болсын кемшіліктерін бетке айтады. Бұл – кез кел­геннің қолынан келе бермейтін ерлік. Үшінші қасиеті – туған жерін құр­мет­теуі. Бошай ата – Алтайды аялап жүріп қартайған адам. Кітабының «Айта-айта Алтайды, Бошай ата қар­тайды» деп аталуында да үлкен мән бар. Сон­дық­тан бұл кітаптың ұрпаққа үлгі-өнеге боларына сенімдімін.

Кітаптың тұсаукесеріне арнайы келген облыс әкімі «Сіз жаза берсеңіз, біз шамамыз келгенше шығара береміз» деп жылы лебізін білдіріп, ақсақалға құрмет көрсе­тіп, иығына шапан жапты.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста