Атышулы отандық әнші Төреғали Төреәлі өзінен айнымайтын кішкентай қызын көлік рөліне отырғызамын деп сынның астында қалды деп жазады NUR.KZ.
"Ұлы дала баласы" бұл жолы көлік айдап отырып, қызын алдына отырғызып алған.
Видеоны әншінің жарының түсіріп отырғанын байқауға болады.
Әншінің бұл видеосын көргендердің бірі Төреғалидің кішкентай қызының өзіне айнымайтынын айтып, таңданыс білдірген.
Ал екіншілері жол тәртібін бұзған хитменді сынап тастаған.
"Қызыңыз аузыңыздан түсіп қалғандай екен", "Қызығын көруге жазсын", "Шашын айтсаңыздаршы, буып қойған", "Ғұмырлы болсын",
"Мынадайларға айыппұл салу керек", "Заңды белшеден басып жүр ғой", "Мұндайларға сот жоқ", "Төреғалидің басы дауға қалып жатса да, заңды, қоғамды неге сыйламайды екен?", - деп жарыса пікір білдірді оқырмандар.
Айта кетейік, Төреғали Төреәлі осыған дейін Алматы әуежайында да шу шығарған еді. Ұшаққа билетсіз кірген әншінің әрекетінен соң, әуежай қызметкерлеріне айыппұл салынды.