Киноның ең осал тұсы мен: Айқынның алғашқы фильмі жарық көрді

Әнші Айқын Төлепбергеннің «Где моё кольцо?» атты алғашқы фильмі жарық көрді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Алматы» телеарнасының «Таңғы студио» бағдарламасына қонаққа келген Айқын өзі продюсерлік еткен фильм жөнінде толығырақ айтып берді. Оның сөзінше, кинотуындыны түсіруге 60 миллион теңге қаражат кеткен.

«Фильм идеясы өзімдікі, 2020 жылы 8 наурыз мерекесіне орай «Операция Гүлдер» деген атаумен шығарамыз деп ойладық, бірақ үлгермей қалдық. Ол да дұрыс болды, себебі бір аптадан кейін карантин басталып, кинотеатрлар жабылды. Фильмнің премьерасы осы уақытқа тура келді, кинотеатрдың 30 пайызы ғана толтыру керек деген шектеу бар, дегенмен халық барады деп ойлаймын. Кино бюджеті – 60 миллион теңге болды. Кино түсіруімізге себеп – сахнада жүргеніме 18 жыл болды, жылына 2-3 бейнебаян түсіреміз, оның процесі тура кинодағыдай. Сценарий жазылады, режиссер болады, камера деген сияқты. Сондықтан бұл саланы да көрейік деп шештік», – деді Айқын.

Фильм түсіру үшін әнші біраз дайындықтан өтіп, актерлік шеберліктен сабақ алғанын атап өтті.

«Кинотуыдыны өзінің мамандары түсірді. Мен тек актер ретінде араластым. Сценарийді сценаристер жазды, режиссёрі бұған дейін «My love is Aisulu», «Ұлы дала комедиясы» сынды фильмдерді түсірген Дархан Саркенов деген жігіт болды. Актерлер де кәсіби мамандар: Нышанбек Жұбанаев, Рүстем Жаныаманов, Жұлдыз Өмірғали, Гүлнара Сильбаева, Құмар Лұқпанов, Нұрсұлтан Жақсыген, Төреғали Төрәлі. Киноның ең осал тұсы мен. Себебі арнайы білім болмағандықтан, басты рөлді сомдағым келген жоқ. Бірақ мамандар «өзің түсірген бірінші фильм болғандықтан, өзің түс, жақсы жарнама болады» деген соң келістім. Жалпы киноны түсірмес бұрын кино саласына қатысты бірнеше кітап оқып, актерлік шеберліктен сабақ алдым. Төреғали өзінің фильміндегі сценаристерді, режиссёрді ұсынды. Сонымен қатар, өзі актерлік саланы оқығандықтан, сабақ беретін кісіге нұсқап, сол ұстаздан 20 сабақ алып, 2 ай барып оқыдым. Қолымнан келгенше ойнадым», – деді Айқын Төлепберген.

Кино түсірудегі өзге де қызықтар жайлы «Таңғы студио» бағдарламасынан көре аласыздар.

Almaty.tv.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста