Кинодағы «мәңгілік бала бейнелер»

Кинодағы «мәңгілік бала бейнелер»

Бәріміз де балалық шақ атты «ауылданбыз»... Ертегі іспетті тәтті естеліктер елесі мәңгілік қалып қоятын сол ауылда адам атаулы шын қуану, шын күлу, енді бір пәсте тас-талқан боп ашуланып, жылай салу, бір сөзбен айтқанда, бетпердесіз шынайы әсерді бастан кешіретіні даусыз. Аса сезімтал, сәл нәрсеге әсерленгіш, пәк көңіл иесі бала үшін өмірдің әрбір құбылысы – тосын жаңалық. Себебі ол барлығын бірінші рет ұшыратушы. Сондықтан осынау шақ жайлы шығарма жазбаған қаламгер, өлең өрнектемеген ақын, сұлу саз төгілтпеген сазгер кемде-кем шығар. Алайда баланың балғын бейнесі, өзіне ғана тән қылықтары мен философиясы, тұп-тұнық жанарындағы тазалық пен өмірге деген құштарлықты көз алдымызға көрсетіп әрі сол күйінде сақтап қала алатын құдірет бар болса, ол – кино.

«Голливуд атайдың» немерелері
Кинодағы балалар, әсіресе, 5 жас пен 12 жас аралығындағы жеткіншектер жай оқиға сюжетіне ғана керек қызық та бұзық кейіпкерлер емес. Бұл – ерекше еркіндік әлемі, бөлек бір бағыт пен жаңа жанр. Ең бастысы, бала – ересектер өмірінің сырт көз сыншысы, яғни біз балалар жайлы кино түсіру арқылы өз өміріміздің дұрыс-бұрыс жақтарын, кемшін тұстары мен қалт жіберген қателіктерімізді көреді екенбіз. Көбіне балалар әлемі жауыздық, аяусыз жаныштау мен сұрапыл соғысқа толы үлкендер өміріне мейірімді қару еткен қарсылық болса керек.

Әлемдік кинода балаларды өзінің барлық туындысына тақырып еткен режиссерлердің көш басында Стивен Спилберг тұрса, орыс киносында Ролан Быковтай бала десе бауыр еті езіліп тұратын режиссер болмапты. Сондай-ақ Тарковскийдің «Мұз айдыны мен скрипка», «Ивановтың балалық шағы» фильмін, Алан Паркердің «Анжеланың мәйіті», сонымен қатар Луи Маля Феллинидің «8?» т.б киноларын көрген сайын балалық шаққа сүңгіп кеткің келетін кинолардың қатарына жатқызуға болады.

Ал осы әлемдік кинодағы өзінің балдай тәтті қылығы мен ересектерге бергісіз ақыл-айласы, тіпті тентектігімен есте қалған қандай балаларды білеміз? Осы тұста Жаңа жыл мерекесінде жылда қайталанатын «Один доманың» басты кейіпкері бірден ойға оралады. Шулаған бауырларымен басы піспейтін Кэвин «шіркін, таңертең оянғанда бәрі жоқ боп кетсе ғой» деп Құдайдан тілемеуші ме еді? Расында, ертеңінде оянған Кэвин отбасы оралғанша жалғыз өзі үйінде өзі қожа, өзі би болып, тіпті, қала берді, қарақшылардан да үйін қорғап қалғаны көз алдымызда оны қаһарманға айналдырды. Әлемдік кино тарихындағы ең есті тентек, ең күлкілі әрі ержүрек бала осы 10 жастағы Кэвин, яғни Маколей Калкин екені даусыз.

Қолынан бәрі келетін сиқырлы күштің иесі және жер жаһандағы мұғалім атаулының арманы дерлік мінсіз оқушы Гарри Поттер (Дэниел Рэдклиф) қандай бейне десеңші?!. «Бұйрабас Сю» атты кішкентай қыз да қай-қайсымызды тәтті қылығымен баураушы еді ғой. Кеңестік кезеңдегі балалар фильмі де жақсы болатын, Чук пен Гек, болашақты көретін Алиса, қарттар мен мұқтаждарға қамқор нағыз пионер Тимур т.б кейіпкерлер әлі күнге көрерменнің көз алдында. Кейінгі жылдардағы Ресей киноларының ішінде де «Громовтардағы» Савелий – Санядай, «Вор» фильміндегі Санядай ауыр тұрмыста өткен балалық шақтағы баланың өмір сүру жолындағы күресін, ішкі сезімі мен тағдырға берер жауабын тап басқан кейіпкерлер жоқ шығар?..

dscn0359

 «Шәкен Аймановтың» есті тентектері
Ал қазақ киносында біздің бала күнімізден, тіпті біздің әке-шеше, ата-әжелеріміздің бала күнінен бері қанша көрсек те еш жалықпайтын, кезінде қай-қайсымызбен құрдас болған, ал қазір біріміздің баламыз, біріміздің тіпті немеремізбен жасты боп қалған «мәңгілік бала бейнелер» кімдер?

1. Бұзықтықты істеп алып, артынан айна алдында отырып өзін жиналысқа салатын, Майқанованың сөмкесіне «тарбаң етіп шыға келгенде қызық болсын» деп бақа салып қоятын, жұртқа жексұрын болғандықтан, өзінше «өліп» көретін — атышулы сотқар Қожа. Абдолла Қарсақбаевтай режиссердің талмай ізденгіштігі мен көрегендігінің арқасында табылған Қожа бейнесі қазақ киносының алтын қорына қосылған қымбат қазына болды.

2. Ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің «Көксерегіндегі» басты кейіпкер Құрмаштың батырлығы!.. Қасқырдың бөлтірігі демей бауырына басып еді, бірақ жыртқыштың аты – жыртқыш, соңында баланың өзін талап тастағанда бәріміз өксіп жылағанымыз есімізде. Сол қорқыныш 5-6 жастағы Құрмашты сомдаған Қамбар Уәлидің жанына мәңгілік жара салса керек...

3. Қойнаудағы ауылда қой бағатын әкесі мектеп жасына жеткен баласын «білім алсын» деп қалаға интернатқа апарып тастап кетсе, апасы мен бауырларын сағынып, сонау жерден кіп-кішкентай бақайларым талады демей, ауылға жаяу тартып отыратын Арман естеріңізде ме? «Ауылым Алатаудың бөктерінде» атты фильмнің басты кейіпкері сол Арманның қайсарлығына таң қалушы едік қой. Оның бұзықтығын жуып-шаймақ боп әкесі баласының қаладағы көршісіне қой бергенде, баласы сол қойын оған қимай, қойға мінген күйі ауылға тағы тартып отырмаушы ма еді?

4. Мектепке жасы жетпесе де, зеректігі сондай, әріптің бәрін жаттап алып, мектепке барса да түк ұқпайтын Қалихан сынды досына қайта үйретіп жүретін «Алты жасар Алпамыс» бала қандай?!. «Мұнар ата, Мұнар ата, мен мектепке барамын» деп атасынан бата сұрап келетін сол бала талай жеткіншектің білім алуға деген құштарлығын ашқан шығар.

5. Бөлтірігін үнемі сұқ көздер мен суық қолдардан қорып жүретін Самат бала естеріңізде ме? Талғат Теменовтің «Адамдар арасындағы бөлтірігінің» басты кейіпкері туғаннан әкесін көрмеген, ал шешесі болса, қалада жұмыс істеп айына-жылына бір келетін, сондықтан әжесінің тәрбиесінде өсіп жатқан Саматтың бөлтірікке деген қамқорлығының астарында ата-ана мейіріміне зәрулігі көрініп тұратын.

6. «Жүйрік болсаң, озып көр» фильміндегі жүгіргенде алдына жан салмайтын қайсар қыз қандай үлгілі бала? Бала атаулының спортқа деген сүйіспеншілігін осылай бір бейне арқылы ояту әлдеқайда тиімді.

Қазір бізде осылай сүйсініп көретін, әрбір қылығына нандырып, еріксіз бас шайқататын, өзіне баурап алатын бала кейіпкерлер бар ма? Әлде қазіргі режиссерлер тек «Қожаның көшірмесін» жасаудан әріге аса алмай ма? Тек Данияр Саламаттың «Бәйтерегіндегі» Санжар ғана қазіргі қазақ киносында бала бейнесі назардан тыс қалған жоқ дегенге жауап беретіндей...

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста