Жазира Байырбекова көпшіліктен кешірім сұрады. Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.
 
Ол өзінің инстаграм әлеуметтік желісіне енді шуба сатып алмайтындығын жазды.
 
" Осы постым үшін ренжитіндерді де түсінемін. Кешіріңіздерші. Мен енді жануарларды қинап, терісін тірідей сыпырып жасайтын шубаларды сатып алмаймын. Қалай жасайтыннын көрсеткен видеоларын көріп жаным ауырып кетті. Шубаға жарнама да жасамаймын. Болашақта құдаларыма да сатып әпермеймін,сыйлыққа да алмаймын. Алланың жан бітіргендерінің жанын қинауға (тамшыдай болса да) үлес қосқым келмейді. Маған қосылатындарыңыз бар ма? Репост жасап үлес қосам десеңіздер де қарсы емеспін. ЖазираБайрбек " -деп жазба қалдырды.