"Кеш болады, өкініп қаласың, деді": Заңғар Нұртас отбасын құруға ағасы Қайраттың итермелегенін айтты

Заңғар Нұртас қазіргі келіншегі Жібекпен 9 жылдық қарым-қатынастан кейін отау құрды. Екі жас осы уақыт ішінде бірнеше мәрте айырылысып, қайта табысып үлгерген. Соңғы айырылысудан кейін екі жастың қосылуына Қайрат Нұртастың өзі себеп болыпты. Болған оқиғаны Заңғардың өзі баяндады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  

Заңғардың айтуынша, ол музыкалық топта ән салып, түрлі қалаларға гастрольдерге шығып, Жібектің қызғанышын тудырған. 

"Екеуміз 8 жыл жүріп айырылыстық. Сол кезде көп ұрыс басталып кетті. Себебі басқа қалаларға жиі концертпен шығып жүрдік, арамызда қатты қызғаныш болды", – дейді ол.

Студент кезінде кездестірген ғашығынан қол үзу Заңғарға оңай соқпапты. Сері жігіт сол шақта қатты қиналып, тіпті күйзеліске түсуге шақ қалған. Інісінің бұл жайын байқаған Қайрат Нұртас оған ағалық ақылын айтып, екі жастың отау құруына себеп болыпты.

"Менің өмірімде болған ең маңызды сәт. Көңіл күйім болмай, үйден ешқайда шықпай, жүзімнен күлкі қашқанын, қатты қиналып жүргенімді ағам байқады. "Інім, кеттік, ән айтып, әңгімелесейік" деп мені алып кетті. Осы сәт маған қатты керек еді. Ағам: "Інім, егер шынымен сүйсең, ешнәрсеге қарама. Жібек бізбен өмір сүрмейді, сенімен өмір сүреді. Өзіңе лайықты қызды үйге келін қылып түсіресің. Ол да ұзақ жүрмейді. Өз жарын табады. Сол кезде өкініп қаласың, кеш болып қалмасын", – деді. 

Осы сәтте қызғаныш сезімі оянды. Өзімді оның орнына қойып та ойландым. Әке-шешемді отырғызып: "Маңызды әңгіме бар. 8 жыл бойы бірге өстік, бауыр басып қалдым. Екеуміз бір-бірімізді көзбен-ақ түсінеміз. Ең қызық арттағы кезімді, Жібекпен бірге өткен естеліктерді ешнәрсеге қимаймын. Сіздердің баталарыңызды алып, Жібекті үйге алып келемін", – дедім. Әке-шешем: "Балам, сенің қалауың. Сен бақытты болсаң болды" деп баталарын берді", –  дейді Заңғар Нұртас. 

Stan.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста