"Келін - робот емес": Балжан Бидаш жан айқайын жеткізді

Балжан Бидаш келіннің отбасындағы рөлі жайлы пікір білдірді. Ол келіннің робот емес екенін  мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Осыдан екі жыл бұрын актер Жахан Отарғалиевпен отау құрған Балжан ара-тұра желіде енесін көрсетіп тұрады. Ол кісіге қызмет көрсету үшін әнші бірнеше мәрте үйін тастап, Батыс Қазақстанға жол тартты. Осы ретте желі қолданушыларының бірі Балжаннан келін болудың қаншалықты қиын екенін сұрады. 

"Келін дегенді сіз қалай түсінесіз? Менің түсінгенім бойынша: 
1. Күйеуінің ата-анасын, туыстарын сыйлайтын; 
2. Күйеуінің ұрпағын жалғастыратын, балаларын тәрбиелейтін ана. 
Келін робот емес, үй қызметшісі емес. Ал күнделікті істейтін тамағы, үй жинау ол күнделікті әрбір адамның тіршілігі", - деп мәлімдеді Балжан.
Балжанның парақшасында жиі қозғалатын тақырыптардың бірі - бала. Жуырда туыстарының үйінде қонақта болған Балжан бала қарап шаршағанын айтса, мұны көрген кей оқырмандар әншінің жеке басына тіл тигізген.

"Балалы үйде базарда ұйықтағандай болады екенсің. Енді екі баладан кейінгі түрімді елестете аласыздар", - деді Бидаш.

"Осыдан кейін саған қалай бала берсін, кесір", "Олай өзіңіздің құрсақ көтеруіңізге блок қоймаңыз", - деп кеңес берді оқырмандар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста