Кәмшат Жолдыбаева анасының жас кездегі суретін жариялап, жұртты сүйсіндірді. Көпшілік Кәмшаттың анасын мен әлемге әйгілі актриса әрі модель Моника Беллуччидің бет-бейнесінен ұқсастық байқаған, деп жазады Stan.kz.
“Бүгін сұлулығын әлем мойындаған Моника Беллуччидің туған күні екен ғой. Бастысы бүгін менің Әкемнің де туған күні! Осы орайда, әкемнің таңдауы, жан-жары, біз үшін әлемдегі ең сұлу әйел – анамның фотосымен бөліскім кеп тұр! Ата-аналарымыз аман болсын”, – деп бөлісті Жолдыбаева желідегі парақшасында.
Желі қолданушылары суреттегі қос бикештің қайсысы Моника Беллуччи, қайсысы Кәмшаттың анасы екенін анықтай алмай, дал болды.
“Расымен де қатты ұқсайды екен”, “Қайсысы анаңыз сонда”, “Негізі оң жақтағысы сізге қатты келеді екен”, – деп пікір білдірді олар.
Шын мәнінде, суреттің сол жақ бөлігіндегі әйел Кәмшаттың анасы болып шықты.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.