Кәмен рухына тағзым

Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық мұражайының ғылыми-насихат жұмысының бір саласы – абайтану, шәкәрімтану, мұхтартану тарихында айрықша орны бар ғалымдар мен жазушылардың шығармашылығына арналған әдеби-танымдық кештер ұйымдастыру.

Таяуда Абайдың қорық-мұражайында кезекті әдеби-танымдық кеш өтті. Кеш Абай топырағында туып-өскен, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, дарынды қаламгер, ұлағатты ұстаз, майдангер жазу­шы Кәмен Оразалиннің туғанына 90 жыл толуына арналды. Кешке жазушының ұр­пақ­тары, туыс-жақындары мен заман­дас­тары, шәкірттері және қаланың зиялы қауы­мы, студенттер, жазушының туған жері – Абай елінен арнайы шақырылған қонақтар қатысты.
Кешті Абай мұражайының директоры, филология ғылымының кандидаты, до­цент Әубәкір Жандос Мағазбекұлы ашты. Белгілі ақын, Абай мұражайының ғылыми қызметкері Ә.Қызырбек өзінің жазушыға арналған жаңа өлеңін оқып берді. Жазу­шы­ның өмірі мен шығармашылығы бо­йын­ша мұражайдың жетекші ғылыми қыз­меткері М.Мұхамедова баяндама жасап, филология ғылымының докторы, профес­сор А.Еспенбетов жазушының абайтану, мұхтартану ғылымындағы еңбегі, қазіргі кәментану туралы салмақты пікір білдірді. Шара барысында жазушының 90 жылды­ғына арнайы ұйымдастырылған Кәмен оқуларының жеңімпаздары марапатталды. Мәдениет қайраткері Елдар Оразалин осы шараны ұйымдастырып отырған мұражай басшылығына алғыс айтып, арнайы сый­лық тапсырды. Жазушының замандастары, құрметті ақсақалдар Х.Матаев, С.Тәбәрі­ков, М.Жанболатов жазушының өмірі мен әдеби мұрасы жайында ой бөлісті.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста