Кәмен Оразалин рухына бағышталады

Мұхтар Әуезов жайлы тұңғыш роман жазған белгiлi абайтанушы, жазушы, ұлағатты ұстаз Кәмен Оразалиннiң дүние салғанына да бiр жыл өте шығыпты. Былтыр 88 жасқа қараған шағында дүниеден озған жазушыны ел ұлы Мұқаңның көзiндей көретiн едi. Мұқаңның Кәмен мұғалiмге сенгенi соншалықты, «Абай жолын» жазу кезiнде деректердi жинастырғанда, елдегi жағдайды Кәменнен бiлiп отырады екен. Тiптi Мұхтар Әуезов Мәскеуде соңғы демi таусылар шақта жазған соңғы хатын да Кәмен Оразалинге арнапты. Осы хатында Мұқаң Кәмен ағаға өзiнiң ұлы Мұратты Шыңғыстау елiн, ата-баба жерiн аралатып көрсетудi тапсырған екен. Кәмен мұғалiмнiң жазушы аманатын бұлжытпай орындауынан да болар, осы күнге дейiн Мұрат Әуезовтiң Кәмен ағаға деген құрметi ерекше.
Мұхтар Әуезов өмiрi туралы Кәмен мұғалiм жазған «Абайдан соң» романы ел алдындағы аманаттың ауыры болатын. Мұхтар Әуезов Абай туралы жазса, Кәмен Оразалин Мұхтар туралы төрт кiтаптан тұратын осы романды жазып шықты.   
Екiншi дүниежүзiлiк соғыста үш рет ауыр жараланған Кәмен мұғалiмнiң елге оралуына тартып тұрған дәм де осы шығар. Соғыстан кейiн Семей педагогика институтының филология факультетiн тәмамдаған Кәмен Оразалин Мұқаңның айтуымен Қарауыл ауылындағы Абай атындағы орта мектепте ұстаздық етуге қалады. Сонда жүрiп, 1950 жылы өзiнiң алғашқы шығармасы «Жексен» повесiн жазып шықты.
Кәмен мұғалiмнiң ұстаздығының өзi айрықша ұлағат межесiндей көрiнедi. Ол өз шәкiрттерiн ұлылар қанып iшкен өмiрлiк әбiлхаят бастауына шақырып, келешектi кемелдiкке бағыттап отырды. Елдiктi нығайтып, халықтың тума мәдениетiн жаңа белеске көтеруге Кәмен мұғалiм қосқан үлес – ұшан теңiз. Ол кiсi мектепте сабақ бергенде, оқушылар үшiн мемлекеттiк емтиханның негiзгi шарты – Абай өлеңдерiн жатқа айту. Бүгiнде соның зая кетпегенiн еккендi орғанда көрiп отырмыз.   
Сөйткен Кәмен мұғалiм де өттi жалғаннан. Барар жерi бейiш болғай! Осы ретте жазушының әулетi мен шәкiрттерi наурыздың 20-сы күнi Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында «Атамекен» тойханасында сағат 11-де Кәмен Оразалиннiң жылын өткiзбекшi. Жазушының жарқын келбетiн еске түсiрiп, аруағына Құран бағыштап, жамағатпен бiрге Жаратқанға қол жаятындардың барлығын Ас дастарқаны күтедi.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста