Ақын, қоғам қайраткері Кәкімбек Салықовтың туғанына 80 жыл толуына орай туған жері Қызылжарда «Ел деп соққан жүрегі» атты әдеби кеш өтті. Кешке жиналған жастар ақынның өлеңдерін оқып, әндерін айтты.
Кәкімбек Салықов Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын ауданына қарасты Еңбек ауылында дүниеге келген. Оның алғашқы өлеңдер жинағы «Сыр» деген атпен 1970 жылы жарық көрген екен. Бүгінде 50-ден астам кітаптың авторы. Кәкімбек аға жұртшылыққа жақсы танымал 500-ден астам әннің де сөзін жазған. Сондай-ақ өзі де ән жазады. Оның «Жез киік», «Аққу жеткен» әндерін жастар нақышына келтіре айтып берді. Әдеби-сазды кешке келген аға буын өкілдері өз кезегінде жерлес ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы әңгімеледі.
Қайролла Мұқанов, өлкетанушы:
– Кәкімбек Салықов мектепте оқып жүрген кезінен өлең жаза бастаған. Оның поэзиямен шұғылдануына маңайындағы туыстарының көбінің ақын, шешен болуы түрткі болыпты. Мысалы, Молдахмет Тырбиевтің әсері бар. Үкілі Ыбырайды, Ақан серіні жастайынан оқып, ауызданған. Жалпы айтқанда, Кәкімбек – өзіндік жолы бар ерекше ақын. Сондықтан біз оның ақындығымен мақтана аламыз.
Кәкімбектің кеші өтті
Последние статьи автора