Соңғы уақытта Иса Алимұса мен Айгерім Мамырованың бірге жүрген суреттері жиілеп кетті. Қос әншінің тыңдармандарының болжамы бойынша олар үйленеді.
Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.
Әнші Айгерім Мамырова жақында "Жүрегім ғана біледі" атты су жаңа әнін жарыққа шығарған болатын. Әннің сөздеріне назар аударсақ:
"Білемін әуелі, жүрегің әдемі, дауысыңнан" - деген сөздер құдды әнші жігітке арнап шығарылғандай көрінеді.
Айгерім Мамыроваға тыңдарманы қойған сұрағына:
"Сіз қалай ойлайсыз?!"-деп Иса Алимұсамен түскен суретін жариялады.
Ал, күні бүгін Иса Алимұса инстаграм желісіндегі сторис бөлімінде Айгеріммен түскен суретін жариялап:
"Құдай қаласа деп сөйлейін" - деп жазба қалдырды...
Бұның бәрін қос әншінің тыңдармандары елеусіз қалдырмады:
"Сіздер үйленгелі жатсырсыздар ма?!", "Жарасымды жұпсыздар", "Той қашан?!", "Айгерім таңдауыңыз осыған түсті ме?!" - деген сұрақтар қоюда.