Ираннан жеткен құснихат

Мансұр ХАМИТ (фото)

Астанада «Қасиетті Құранның өнердегі көрінісі» атты көрме ашылды. Бұл көрмені еліміздегі Иран Ислам Республикасы елшілігінің мәдени өкілдігі және Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы ұйымдастырып отыр. Құран ілімін кеңірек тарату мақсатында ұйымдастырылған көрменің есігі келемін деушілерге екі апта бойы ашық тұрады.
Құранның өнердегі көрінісінің бірі – құснихат. Ислам өнерінің ішінде әлемге кең тараған осы құснихат өнері, яғни басқаша оны каллиграфия деп атаймыз. Бүгінде бұл өнер Иран Ислам Республикасында ерекше дамып, әлемге танымал болып отыр. Құранның аяттары мен сүрелерін көркем бейнелеу өнері талай жанның дінге келуіне де себеп болуы мүмкін. Сондықтан да дін мұндай өнерге тыйым салмайды, керісінше қолдап, оны дамытуға үндейді. Бұл өнер төрт шадиярдың бірі – сахаба Омар ибн Хаттабтың ықпалымен дүниеге келеді.
Көрмеге Иранның Рахим Чархи, Парвиз Назари, Хасан Моллави секілді танымал шеберлердің ислам, Құран тақырыбына арналған 75-тен астам қолөнерлері қойыл­ған екен. Көрмеге қойылған металдардан өрнектеліп салынған Құран аяттары, құснихат, алтын жалатылған өрнекті сү­ре­лер көпшіліктің таңданысын тудырғаны жасырын емес. Сондай-ақ Х-ХІІ ғасырлар­дағы Құранның суреттері, тәржі­ма­лары, парсы, неміс, ағылшын тағы басқа тілдерге аударатын қаламы бар «сөйлейтін Құран» да жұрттың назарын аудармай қоймады.
Жандос Айтбаев, Нұр-Астана медресесінің ұстазы:
– Жалпы, Құранның салалары түр-түрге бөлінеді. Атап айтсақ, тәпсір, тәржімә, тәжуид, қырағат ілімі деп бөлінеді. Солардың арасында құснихат ілімі де бар, яғни Құранның аяттарын әдемі жазу өнері. Төрт халифтің бірі, сахаба Омар ислам дінін жайып жүріп христиан елдеріне де сапар шегеді. Сол сапарларында ол шіркеулердің, храмдардың іші-сыртындағы әдемі безендірулерді көреді. Содан «біздің мешіттерді де осылар сияқты аяттармен безендіріңдер» деп әмір береді. Содан бастап өнердің осы түрі қалыптаса бастайды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста