Интернет қанша дамығанмен, пошта қызметіне сұраныс жоғалмайды

Сәуле Егембердиева, «Қазпошта» АҚ «Алматы почтамты» Алматы филиалының директоры:

– Сәуле Дүйсембайқызы, 9 қазан – Дүниежүзілік пошта күнінің қар­­са­­ңында «Қазпошта» АҚ «Алма­ты почтамты» Алматы филиалы өзі­нің құрылғанының 150 жылды­ғын атап өтуге үлкен дайын­дық жасап жатыр екен. Ұлттық пош­та­ның мұншалық терең тари­хи тамы­рынан азырақ мәлімет беріп өтсе­ңіз...
– Иә, Алматыда алғашқы пошта бай­ланыс бөлімшесінің ашылғанына биылғы жылдың қазан айында 150 жыл толып отыр. ҚР Орталық мемлекеттік мұрағат қорла­рын­да Қазақстан поштасының бір жарым ғасырлық тарихына қатысты деректер баршылық. Патшалық Ресейдің пошта-те­ле­граф байланысының мұрағаттық қор­ларынан белгілі болғандай, 1860 жылы Ве­рныйда (Алматы қаласы) алғашқы пош­талық байланыс бөлімшесі ашылып, көп ұзамай ол пошта-телеграф кеңсесі болып қайта құрылған. Қазақ жеріне ежелден көз тіккен отарлаушы Ресей патшалығы билікті күшейту үшін орталықпен байланыстың қажеттілігін ескеріп, байланыс жүйелерін орнатуды алдымен қолға алады.
1859 жылы Үлкен Орда жерінің сол кез­дегі орталығы Қапал қаласы болған­ды­ғына қарамастан, табиғаты қолайлы Вер­ный бекінісіне орыс келімсектері көптеп ор­ныға бастаған. Ресей орталығынан жө­нел­тілген саяси және жедел хаттар әуелі Қапал қаласына, одан кейін ғана Верныйға және басқа да өңірлердегі әскери мекеме­лерге жеткізілетін болған. Алайда Қапал мен Верный арасындағы 400 шақырымдық ұзақ жолдың нашарлығы мен табиғат жағ­дайының құбылмалылығы Жетісу өңірін басқарып тұрған Іле әскери отрядтарының екі араға қатынайтын жәшік-көліктерінің титығына жетеді.
 Сөйтіп, 1859 жылы Іле отрядының әс­ке­ри старшинасы Алатау округінің бастығы Колпаковскийге жолдың сапасыздығы мен ауыр жүктер тиелген экипажға жегілетін ат үзеңгілерінің жиі жарамсыз болып қалуы­нан, Қапалдан келетін жедел хаттарды уақытында жеткізе алмайтындықтары жө­нінде шағым жолдайды. Шағым негізінде Колпаковский Батыс-Сібір генерал-губер­наторына аталған жағдайды мәлімдеп, Верный қаласында пошта бөлімшесін аша­тындығы туралы хабар береді.
 Мұрағатта сақталған деректерде 1860 жылдың қазан айының 24-інде Верный бекінісінде пошта бөлімшесінің ашылған­дығы және хат-хабарлардың қабылданып жатқандығы, сонымен қатар Верныйдан аптаның әр дүйсенбісінде поштаның жібе­рілетіндігі жөнінде Алатау округтік басқар­ма­сы барлық басшыларға хабар берген дерек те бар.
 Қазақ жерінде әскери тәртіпті орнатқан отаршылар пошта қызметіне тек әскери шендегі орыс азаматтарын алған. Кейінірек ауыл болыстарына хат-хабарларды қазақ жігіттерінен алынған шабармандар арқы­лы жеткізіп отырған.
1883 жылы құрамына 14 пошта бөлім­шесі бағындырылған Верныйдағы пошта байланысы осылайша 1917 жылға дейін, яғни Кеңес өкіметі құрылғанға дейін Алма­ты­да қызметін атқарды.
Сәл кейін, 1919 жылдың 2 желтоқса­нын­да Қазақстанның астанасы болған Орын­­бор қаласында пошта-телеграф бай­ланыс бөлімшесі ашылды.
 – Бүгінгі уақыт пошта үрдістерін түбірімен өзгертіп, жаңа заманның талабына икемдеп үлгерді. Қазақ­стан Республикасы Дүниежүзi­лiк пошта одағына мүше болуымен байланысты отандық поштаға инно­вацияның жаңа түрлері енгізілді. Осыған орай, «Қазпошта» АҚ «Алматы почтамты» Алматы филиа­лы поштасының қазіргі қызмет ауқымы мен ерекшеліктері қандай?
 – «Алматы почтамты» қызметкерлері бүгінгі таңда жеке тұлғалармен қатар, жыл он екі ай Алматы қаласындағы 200-ден ас­там ұйымның заңды тұлғаларына күн­де­лікті басылымдарды жеткізіп беру міндетін атқарады. Оған бізде жұмыс істейтін 263 пошташы, 96 жүргізуші жұмылдырылған.
Қаланың барлық аумағын қамтитын Алматы филиалы почта байланысының 65 бөлімшесі, алты байланыс пункттері, бес учаскесі мен 90 бірлікті автомашиналар паркінен тұратын байланыс автобазасы бар.
 Қазпоштаның бәсекелестік нарықтағы басты ерекшелігі – кейбір қызмет түрлері бойынша аса маңызды, әсіресе әлеуметтік бағытта жүйелі қаржылық операциялар жүргізуі болып табылады. Қаржылық қыз­метті үйлестіру мен ұйымдастыру мақса­тын­да 2002 жылы компаниямыздың фи­л­иал­дарында арнайы қаржылық қызмет көр­сету бөлімдері құрылды. «Алматы поч­тамты» АФ-ның қаржылық қызмет бөлімі сегіз жылдан бері клиенттерді қаржылық, агенттік қызмет көрсету түрлеріне тартуда ерек­ше белсенділік танытып, нарық  жағ­дайында жемісті жұмыс жүргізе ала­тын­дығын паш етті.
Қазіргі таңда пошта жүйесіндегі ақша аударымдарының ең көп сұранысқа ие болып отырған түрі – республика ішіндегі жедел ақша аударымдары болып отыр. Оның басты артықшылығы – автомат­тан­дырылған пошта бөлімшесінен жіберілген ақша аударымын небәрі 10-15 минуттың ішінде алуға болатындығында. Пошталық жедел ақша аударымының бұл түрімен сту­денттер, зейнеткерлер, сондай-ақ елі­міз­­дің түкпір-түкпірлерінде іссапармен не­ме­се басқа да жұмыстарымен жүрген азаматтар жиі пайдаланады.
 – Өткен ғасырдың соңынан бастап, әлемде пошта арқылы хат-хабар жіберу азайып бара жатқандығы байқалады. Жағдай шын мәнінде солай ма? Клиент­тер­дің хат-хабар, сәлем-сауқат жол­дауы­ның соңғы жылғы көрсеткіші қандай?
– Интернет сынды электронды-техни­калық құралдардың мүмкіндіктері қанша­ма қарыштап дамығанымен, пошта қызме­тіне сұраныс ешбір елде бәсеңдеген емес. Қазақстанда цифрлық технологиялардың негізінде поштаның қызметі жаңа деңгейге көтеріліп келеді.
Әрине, ұялы телефон, SMS жүйесі, ин­тер­нет желісінің жұртшылық арасына ке­ңінен таралуына байланысты жеке адам­дар­дың арасында дәстүрлі хат немесе те­­лег­рамма жіберу үдерісі саябыр­сыған­мен, ұжымдар мен мекемелер, мемлекеттік ұйымдар арасында пошта қызметі маңыз­дылығын жоғалтқан жоқ. Түрлі мемлекеттік және жекеменшік мекемелер келісім­шарт­тарын, төлем түбіртектерін, ресми жауап хаттары мен сенім хаттарды, сот және әске­ри комиссариаттардың шақыру хаттарын жолдауда пошта қызметіне жүгінеді. Сон­дай-ақ сәлемдемелер мен басқа жүктерді электронды пошта арқылы жіберу мүмкін емес. Оның үстіне, біз тасымалданатын ақ­парат­тың қауіпсіздігіне кепілдік береміз.
 Өткен жылмен салыстырғанда биыл, 2010 жылы, жазбаша хат-хабарлар көле­мінің біршама ұлғайғандығы байқалады. Сәлемдемелер көлемі де айтарлықтай өсу­де. Жастарымыз электрондық жүйе бай­ла­нысын жақсы меңгергенімен, орта және аға буын өкілдері пошта қызметінен қол үзген жоқ. Бұл – поштаның ешқашан халық өмірінен тыс қалмайтындығының айға­ғы.
 – Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын, сұхбатыңызға рақмет!

Пошта жәшігі
Қазақстан пошта қызметінде сандық технология құрылғылары енгізіліп жатқандығына қарамастан, Алматы қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлерде арнайы пошта жәшіктерінің болмауы салдарынан, жеке тұлғалардың әдеттегі төлемақы қағаздары мен мерзімдік басылымдарды иесінің өз қолына табыстау мүмкіншілігі болмай отыр. Осыған қатысты қала тұрғындарынан шағымдар жиі айтылады.
 Пошта жәшіктерін жөндеу, алмастыру және орнату мәселесіне қатысты қала, аудан әкімдері мен пәтер иелерінің кооперативті ассоциациясына хат жібердік. Алайда олардан мәселені қаржы тапшылығына байланысты ысырып қойғандығын білдік. Сондай-ақ олар мұндай мәселені тұрғындармен бірлесіп шығарған қаражат көздерімен шешуге болатындығын айтады. Өкінішке қарай, биліктегілердің қарапайым пошта жәшігін қалпына келтіруге қаржысы да, құлқы да жоқ сияқты...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста