Интеллектуалдық төңкеріске қадам жасалды

Ақпараттық технология индустриясының өзімізде даярланатын мамандары бәсекеге қабілетті болуы үшін еліміздегі Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті оқытудың заманауи әдістерін дамытпақ. Оқу орны кеше қазақстандық бірнеше ірі компаниямен осы мақсаттағы әріптестік келісімдерге қол қойды.

Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті Cisco, ALSI, Orient Lab компаниялары және «Алатау ақпараттық технологиялар паркі» арасындағы әріптестік және өзара түсіністік жөніндегі меморандум студенттердің жоғары сапалы арнаулы білім алуына ықпал етпек. Келісімге сәйкес, аталған компаниялар ақпараттық технология нарығына қажетті маман даярлауда жаңа заманғы әдістерді тәжірибеге енгізу бойынша біраз жұмыстар атқармақ. Атап айтсақ, білім берудің жаңа желілік бағдарламасын ашу көзделген. Сол сияқты оқу орнының студенттеріне ақпараттық технологиялар саласына маманданған қазақстандық үздік кәсіпорын-ұйымдарда өндірістік тәжірибеден өтуге мүмкіндік беріледі. Бұл келісім тек студенттерге ғана емес, сонымен қатар оқу орнының ұстаздарына да тиімді болып отыр. Мәселен, Cisco желілік академиясының бағдарламасына сәйкес, мұғалімдер арнайы ұйымдастырылатын оқыту курсында біліктіліктерін шыңдай алады. Сонымен қатар желілік академия курстары және халықаралық еңбек нарығында білім алып, оқуды үздік тәмамдаған түлектерді ыңғайлы жұмысқа орналастыру да осы келісім аясында жүзеге асырылмақ. «Ынтымақтастық меморандумы екі жаққа да тиімді болмақ», – дейді компания өкілдері. Себебі дәл қазір басты міндет – ақпараттық технология нарығын болашақта Нi-tec технологиялар және бағдарламалық өніммен толтыратын сапалы маман даярлау.

Дамир Шыныбеков,  Халықаралық ақпараттық  технологиялар университетінің ректоры:
– Меморандум аясындағы әріптестік байланыс студенттердің алған білімдерін жетілдіруге және алғашқы күннен бастап тәжірибеден өту арқылы өз ісіне мамандануға ықпал етеді. Университет ақпараттық технологиялар саласында халықаралық стандарттарға сай келетін кәсіби мамандар даярлайды. Яғни олардың бойында менеджерлік қасиет бар. Біз ақпараттық технологиялар нарығындағы қажеттілікті тұрақты бақылап отырамыз. Сондықтан осы саладағы ірі компаниялармен ынтымақтаса жұмыс істемесек, оларды білікті маманмен қамтамасыз ету қиынға соғады.

Анықтама

Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті 2009 жылы сәуір айында Елбасы тапсырмасына сәйкес америкалық Carnegie Mellon ақпараттық технологиялық университетімен тығыз әріптестік байланыс нәтижесінде құрылған. Университет түлектері қазақстандық мемлекеттік үлгідегі және әлем бойынша мойындалған Carnegie Mellon сертификатына ие болады. Оқу мерзімі – 4 жыл. Биыл университетке мемлекеттік білім беру гранты бойынша 300 орын берілген. Биыл талапкерлер төрт мамандық бойынша оқуға қабылданды. Жоспар бойынша жыл сайын мұнда 7500 адам білім алмақ.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста