Илигай, дәридай және гәкку...

Илигай, дәридай және гәкку...

Қазақтың ежелден жанына серік етіп келе жатқан рухани қазынасы – ән өнерінің әлі де зерттелмеген қыры баршылық. Мәселен, халық әндері мен халық композиторлары әндерінің, сондай-ақ дәстүр мен жаңашылдыққа негіздеме жазылған қазіргі әндеріміздің лингвистикалық құрылымы толық зерттелді ме? Өнертанушылар мен тіл мамандарын жұмылдыра отырып қарастыратын мәселенің бірі осы екені анық.

Халық әні «Илигай» немесе Біржан салдың «Гәккуі», тіпті Алтынбек Қоразбаевтың «Әгугай, домбыра» әндерін алып қараңыз. Мұндағы «илигай», «гәкку», «әгугай» деген сөздер қандай мағына береді? Лингвистикалық тұрғыдан алғанда сөздің, тілдің қай саласы арқылы зерттеп, қандай «топқа» жатқызамыз? Арғы-бергі жанашыр өнертанушылар жинастырған қазақ әндерінің көпшілігінде осы типті сөздер, сөз тіркестері өте жиі кездеседі. Мысалы, Кенен Әзірбаев мақамымен «гөй-гөйге» басуға болады, Біржан, Ақандарша «халалаку-ләйлә» деп құбылтып, Шашубайша «ғағиға-ғақ-ғақ» деп асқақтап, Мәдише «әрида-дайдым» деп зар төгуге де болады. Тіпті сонау жылы жезқазғандық айтыскер Мұқаш Сейтқазиновтың «дәй-дари-дари, дәй, дәри-дәйге» басқаны да елдің есінде.
Егер шартты түрде ән мәтіндерінде аса жиі қолданылатын осындай «қыстырма» қайырымдарды «тілдік аранжировка» деп алсақ, бұл тарапта қандай зерттеулеріміз бар? Тілші ғалымдарымыз мұндай «аранжировкаларды» одағай сөздерге жатқыза ма, әлде қыстырма сөздер қатарына қоса ма? Қарапайым қисынға салсақ, әлгіндей сөздер адамзат баласының алғаш сөйлей бастаған ең ежелгі кездерінен жеткен, әлі тілі шыға қоймаған, жас балаша былдырлап сөйлер кезінен қалған жұрнақ, жұқана тәрізді. Әлбетте, біздің долбарымыз анау айтқандай, ғылыми қисын, тұжырымдардан алыс жатуы әбден мүмкін. Бірақ өнер атаулы синкретті түрде дамыған сонау ежелгі дәуірлерден бүгінге жеткен әр жәдігердің даму, құбылу жолы біздің ғылымда бір ізге түсірілген бе? Осы ретте, қазақ музыкасының ұлттық бояуы мен ана тіліміздің лингвистикалық дамуының арақатынасы, ерекшелігі туралы ғылыми зерттеулер жоқтың қасы. Қайткен күнде де, қазақ әнінің, қазақ тілінің біз мысалға келтірген бір ғана ерекшелігі ән өнерінің лингвистикалық тұрғыдан толық зерттелмегенін байқатады. Оның сыртында, мұндай «тілдік аранжировкалар» қазақ әнінің кемел туындыларын дүниеге әкелген сал-серілер шығармаларында жиі кездеседі. Ал сал-серілерді тілді меңгермеген, өлеңді өлшеуден өткізбеген тұлғалар деп айтып көріңіз! Керісінше, қазақ әнінің алтын ғасырын сомдаған тұлғалар мұндай әдістерге саналы түрде, тыңдарманға әсер ету үшін барған тәрізді.
 

Бір пікір
Ермек ӘБЖАНОВ,
Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дің оқытушысы, лингвист-ғалым:
– Ән арасындағы әлгіндей сөздер тыңдаушыға әсер беріп, әннің бояуын келістіру үшін айтылады. Соған қарағанда, мұны көңіл күй одағайлары деуге болатындай. Ал лингвист қауымның назарынан тыс қалып келуіне әннің мәтіні тасқа басылғанда, бұл одағайлардың жазылмай қалуы себеп болуы мүмкін...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста