Іле күйшілік мектебі туралы

Іле күйшілік мектебі туралы
(Қысқартылып алынды)

Ардаби Мәулетұлы, Күйші, зерттеуші
Бұл өңірдің күйшілік мектептері туралы кешенді зерттеулер бүгінге дейін болмады. Тек Шыңжаң өлкесінде тұратын күй өнерінің жанашырлары ғана монография, ноталық жинақ негізінде ғана бірді-екілі жинақтар шығарған. Бала күнімнен осы туылып өскен өлкемдегі күйшілік өнердің болашақ зерттелуі қатты толғандырды, соның нәтижесінде Іле, Алтай, Тарбағатай күйшілік аймақтарына көптеген этнографиялық экспедиялар жасап жоғалып бара жатқан (ән-күй, 0ара өлең, сыңсу, жоқтау, қисса-дастандар, ауыз әдебиетінің үлгілері, саятшылық өнеріне қатысты) баға жетпес қыруар материалдарды жазып алдым. Сондай-ақ осы материалдардың бір бөлімін (100 ге тарта ән-күй) Елбасының тікелей жарлығы мен жарық көрген «Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі», «Қазақтың дәстүрлі 1000 әні» 2009 ж, антологиясына енгізумен қатар М.Әбуғазы мен бірлесіп «Әшім және Іле аймағының күйлері» 2008 ж, атты хростаматиялық жинақ етіп баспа бетінен шығардым. Менің жинауымдағы күй аңыздары мен күйлердің ноталық нұсқалары 2009 жылы И. Тасмағанбетовтың тікелей қолдауымен жарық көрген «Шыңжаң қазақтарының рухани мәдениет үлгілері» атты көп томдық еңбекте жарық көрді
Шыңжаң өлкесіндегі қазақтардың күйшілік мектебі жалпы жағынан үлкен үш аймаққа бөлінеді.
І. Іле аймағы. ІІ. Тарбағатай аймағы ІІІ. Алтай аймағы.
Іле аймағы, жері жағынан Жетісу аймағымен шекаралас жаз жауыны мол, қысы жылы құнарлы аймақ. Қорғас, Шапшал, Күнес, Тоғызтарау, Текес, Нылқы, Құлжа аудандары қатарлы сегіз аудан бір қаладан құралып отралығы Құлжа қаласы. Осы сегіз ауданда ханзулар (қытай), қырғыздар, ұйғырлар, моңғолдар мен қоса қазақтар жиі қоныстанған. Негізінен Найманның Қызай тайпасынан басқа бір ауыл қоңыраттар, Албан-Суан рулары өмір сүреді. Бұндағы қазақтардың тірішілік көзі негізінен көшпелі мал шаруашылығы және жартылай отырықшы егін шаруашылығы. Іле өңірінде қазақ фольклорына тікелей қатысты ескі бақсылық сарындар, қара өлеңдер, жоқтау сыңсу, ауыз әдебиет үлгілері, саятшылық өнеріне қатысты құнды мұралар мен қоса күйшілік өнер жақсы сақталған. Іле аймағы күйшілік мектебі арыда Қоңқай, Қожекелерден басталып, төменгі кестедегі мұрагер күйшілер арқылы қаймағын бұзбай бізге жетті:
Қоңқай Шоқырақұлы (1838)
Қожеке Назарұлы (1823-1881)
Мазақ Жалғабайұлы (ХІХ-ХХ)
Тілеміс Есенұлы (1863-1920)
Тергеусіз Бәлекейұлы (1886-1947)
Мергенбай Ерденұлы (1843-1929)
Сыбанқұл Қалбасұлы (1865-1945)
Рақыш Қожекеұлы (1877-1951)
Әшім Дүңшіұлі (1896-1962)
Дәулет Мазақұлы
Әтіхан Исаұлы (1900-1973)
Имаш Асқарбекұлы (1922)
Камал Мақайұлы (1925)
Әліпбек Мәлікұлы (1928-1975)
Наурызбек Әбдісәметұлы (1930-1985)
Әбеуғали Әділбекұлы (1930-2003) Мәлік Әлиақынұлы (1936)
Қуанышбай Тергеусізұлы (1938-1984)
Үсейімбек Қолтықбайұлы (1938)
Сатыбалды Ыбырайұлы (1943)
Мыңбай Есперханұлы (1950)
Нәжіпқан Ахметұлы (1950)
Омарәлі Бекдәулетұлы (1954)
Мерекеәлі Бекдәулетұлы (1965)
Ұран Ақатайұлы (1966)
Нұрқуаныш Жұманәліұлы (1968)
Гымыңәлі Бекдәулетұлы (1970)
Нұрданқожа Сұлтанқожаұлы (1982)
Ілеаймағында көнеден бізге жеткен күйлердіңбасты ерекшеліктері: әуені, сарыны жағынан ескі бақсылық сарындар, қара өлең, жоқтау, сыңсудың әуендері жиі кездеседі. Себебі Іле аймағындағы қазақтарда күні бүгінге дейін салт-дәстүр таза сақталған. Мысалы: қыз ұзату тойы аяқталып, қызды жат жұртқа шығарып саларда ескіден келе жатқан жосын бойынша қыз ауылындағы сері жігіттер жар-жар айтып, қыздың басына бөртпе салып айнала қоршаған жеңгелері барған жеріне балдай батып, судай сіңуіне өсиет тәрбие негізінде қызбен қосылып сыңсу айтады. Ал кісі өлімінде де, сай сүйекті сырқырататын жоқтау айтылады. Ал бақсылар аруақ шақырып адам емдеудің алдында домбыраның орта шенінен «ре-ми» дыбысынан басталатын зарлы әуенді безілдете тартып-тартып жіберген. Іле өңіріндегі ескіден келе жатқан ойнамалы бақсылар домбыра және қобыз аспабында орындап айтатын өлеңдері болған. Мысалы: 1930-1940 жылдары Іле өңіріне танымал Мұса деген бақсы болған. Мұсаның баласы Қасейін де Іле өңіріне танымал бақсы. Осы Қасейін бақсының әуендетіп айтатын өлеңінің текісі мынандай болған:
Ой, алла-ау, пірім-ау,
Алпыс қойдың терісі.
Ау болмаған әулием,
Сексен қойдың терісі.
Жең болмаған әулием,
Тоқсан қойдың терісі.
Тон болмаған әулием,
Ой, алла деңдер – деп шаңыраққа өрмелей жөнелетін. (Қасейін бақсыны көзімен көрген күйші Камал Мақайұлының өз аузынан жазылып алынды. 2011 жылғы экспедиция материалынан) міне осы бақсылық сарындар Қорқыттан бері жалғасып бізге жетті айдан анық. Себебі, жоғарыдағы айтылған бақсылық өлеңдердің тексі сонау арыдағы Қорқытқа қатысты жырлардан және Алмпамыс батыр жырынан да кездеседі. Сол сияқты қыз ұзатуда, адам өлімінде, бақсы ойнағандағы орындалатын әуендердің барлығы Іле аймағы күйлерінде мен мұндалап тұрады. Өзге шертпе күй мектептеріндегі күйлер орындалуы жағынан негізінен (көбінесе теріс бұраудағы күйлерде) орта буынның «до-до» дыбысынан, немесе кіші сағаның «до-соль» дыбысынан басталса, Іле аймағындағы теріс бұраудағы Әшімнің «Терме күй» атты күйінде, негізгі әуен бас буынның «Ми бемоль-Си бемоль» дыбысынан басталып орта буынға аялдамай, бірден сағаға кетеді. Ал Әшімнің «Ақ ерке» атты күйінде негізгі әуен «Си бемоль» дыбысынан басталып, бірден сағаға шарықтап шығады. Күйшілік өнердегі бұрын соңды кездеспеген бұндай ерекшелік Іле күйшілік мектебінің ірі тұлғаларының бірі Әшім Дүңшіұлының күйлерінен жиі кездеседі. [2,19-35-51-74 бб] .
Сонымен қатар Іле аймағындағы оң бұраудағы кейбір күйлерде кездесетін мелизимдердің ерекшеліктері өзгеше. Бұл ерекшеліктерді көбінде дәстүрлі орындаушылықтағы қолдан көріп үйрену немесе аса асқан құйма құлақтық қасиет арқылы болмаса тыңдаушы (үйренуші) байқамайды. Әрі бұндай ерекшеліктер ноталық жазбаға (нота жазушының есту қабылетіне байланысты) көп түсе бермейді. Яғни Әшімнің Шыңжаң өңірінде көп тартылып жүрген «Алмалы кеңес», «Нәсихат», Мазақтың «Кеңес» қатарлы күйлерінде кездесетін дыбысты тұтып алу «фложелет» әдісі орта буынның астыңғы «ре» дыбысына алынғанымен естілгенде жоғарғы «ре» дыбысы болып естіледі. Манағы астыңғы «ре» дыбысына алынған «фложелет» әдісін өте мұхият тыңдамаса үстіңгі бос ішек «ре» дыбысы болып та естіледі. Мысалы: күйші Камал Мақайұлының орындауындағы Әшімнің «Алмалы кеңес» күйінің 16 тактісінен басталып, 21тактісіне келгенде алынатын «фложелет» әдісі екі түрлі болып естіледі.
Соңғы тактідегі тұтып алу «фложелет» әдісі жоғарғы «ре» дыбысы болып естіледі.
Мұхият тыңдамаған жағдайда, соңғы тактідегі тұтып алу «фложелет» әдісі төмендегідей бос ішектегі «ре» немесе бос ішектегі «ре-соль»дыбысы болып естіледі.
Жоғарыдағы әдіс-амалдар көбінде қолдан көру арқылы парықталады. Жай қарағанда әуен жағынан ұқсас болғанымен, шын мәнінде беретін дыбыстық тембірі (бояуы) мүлдем бөлек. Жалпы тұтып алу «фложелет» әдісі бұл қазақтың күйшілік өнерінде өте жиі қолданылатын әдіс. Іле күйшілік мектебінің өкілдері қазақтың үлкен екі рулық тайпасынан құралады. Яғни найманның Қызай тайпасынан шыққан Қоңқай, Мазақ, Тілеміс, Тергеусіз, Әшім сияқты күйшілермен қатар Ұлы жүз Албан руынан шыққан Қожеке күйші бастаған күйшілер қауымы. Қожеке Жетісу күйшілік мектебінің және осы Іле күйшілік мектебінің ірі өкілдерінің бірі. Себебі, Қожеке 1823 жылы Жетісуда туылып 1860 жылдар шамасында Іле аймағына қоныс аударып Іле күй мектебінің қалыптасуына үлкен ықпал етіп, соңғы өмірі Іле аймағында өтті. Осы Қожеке күйлерінде де жоқтау, сыңсу, қара өлең сарындары мен қатар күй өнеріндегі жоғалып бара жатқан күй тартудың ескі әдіс-амалдары жиі көрінеді. Манағы талдаған тұтып алу «фложелет» әдісі Қожекенің «Нұрғазарын бұлбұл», «Сарыбарпы бұлбұл», «Қызайлармен қоштасуы» сынды көптеген күйлерінде кездеседі. [3, 38-47 бб.]
Іле аймағы күйлері құрлысы жағынан және диапазоны жағынан да өзгеше дамыған. Іле аймағындағы күйлер күй құрлысының дамуы структураларын сақтай отырып, бас буыннан (бас шенінен) үлкен саға «ре» дыбысына дейін шырқап шығып әр күйдің тарихынан сыр шертеді.Сондай-ақ бұл өңірдегі күйлердің қағысы көбінде төмен қазақша күреп тарту әдісімен айқындалады. «Күреп тарту» әдісі дегеніміз – ескіден келе жатқан шертпе күй тартудағы оң қолдағы төрт саусақтың бір уақытта қимылдап, шерту әдісі. Бұндай әдісті халық арасында қазақы шертіс деп те атаған.
Бұл өңірдегі домбыра аспабының құрлысы белгілі кезеңдерге байланысты өзгеріп отырған. Сондықтан аспаптың өзгеруіне байланысты күйлердің де құрлысы басқаша дамыған. Үш аймақтағы домбыралардың жасалу пішіні шертпе күйлерге арнайы арналып шанағы жалпақ (қалақ), мойны жуандау, перне саны (алғашқы үлгілерінде) 13-14 байламға дейін ғана болған. Бұл домбыраларға ерте кезде ешкінің ішегінен қолдан иіріп ішек тағып күй тартқан. Ешкінің ішегінан ішек тағылып тартылған күйлердің қазақы дыбыс бояуы басым болып қоңыр үнді болып естілген.
Іле аймағындағы күйлер ертеректе ел арасындағы шеберлердің шауып жасаған 13-14 пернелі домбыра да тартылып, кейіннен Шаңхайдан арнайы қазақтың домбыра аспабын зерттеген ұлты ханзу (қытай) маманның құрастыруымен жасалған домбырада орындалды. Бұл домбыра бұрынғы домбыраларға қарағанда құрлысы жағынан үлкейтіліп 17 перне тағылып жасалды. Ішегі сым темірден тағылды. Шаңхайда алғаш жасалған домбыраның құрлысы негізінен ескі шаппа домыралардың құрлысын негіз етіп алып, шанағы жалпақ формада, мойыны ескі формадан ұзындау болып жасалды (мойнының ұзындау болғаны перне саны көбейгендіктен). Бұл домбыралар мен тартылған күйлер «Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі» антологиясына Дәулет Халықұлы, Камал Мақайұлы қатарлы күйшілердің орындауында енді. [4,62-99 бб.] Шаңхайда жасалған домбыраға темір ішіек тағылғандықтан тартылған күйлердің үні Дутар аспабының үніне жақындау сыңғырлап естіледі.
Қытайдағы домбыра үлгісі Шаңхайдан алғаш рет 1955 жылы сол үш аймақтағы көнеден сақталған домбыралардың үлігісінен алынып жасалды. Кейіннен 1975 жылдары Қазақстан шеберлерінің жасаған домбыраларының үлгісіне негізделіп жасалды.


Іле аймағы күйшілік мектебінің ірі өкілдерінің бірі, Әтіхан Исаұлынан мұра болып қалған 17 пернелі домбыра. Суретте: күйшінің немересі Гымыңәлі Бекдәулетұлы

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста