Ғылыми атақты ғылымда қалатындарға беру керек

Ғылыми атақты ғылымда қалатындарға беру керек

Сабыр ТҮМЕНБАЕВ, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы:

Еліміздің білім беру жүйесі соңғы жылдарда қатты өзгерді. Ғалымдардың білімін жетілдіру­ге, ғылым магистрлары мен Phd докторларын дайындауға мем­ле­кетіміз аса үлкен жауап­кершілікпен қарай бастады. Осы мәселелердің неліктен туында­ғанын және келешектегі білімнің даму бағытын біз Сабыр ТҮМЕНБАЙМЕН болған сұхбатта аңғарғандай болдық.

1. Қазақстанның білім беру жүйесінде үлкен өзгерістер орын алып жатқаны белгілі. Оның ішінде кейбір университеттердің сапасыз деп танылып, білім бәсекесіне төтеп бере алмай, жабылып та жатқанын білеміз. Ғалым ретінде осы үрдістерді қалай сараптайсыз?
2. Өзіңіз Ресейде оқыдыңыз. Ол жақта білікті мамандарды дайындаудағы әдістеменің сапалы екені белгілі. Посткеңестік дәуірден кейінгі Ресейдің ғылымға деген құштарлығы қандай?
3. «Ғылыми атағы бар адамдар көбейіп, ғылыммен ешқайсысы айналыспайды» деген пікірдің қаншалықты жаны бар? Кейбір азаматтарымыз «ғылым банкет болып кетті, ғылымға реформа қажет» дейді.

1. Шынымен де, еліміздің білім беру жүйесінде біршама өзгеріс бар. Тек Қазақстан ғана емес, бүкіл әлем жұртшылығы ғылымға назар салып отыр. Сонымен қатар Қазақстан 2010 жылы әлемдік білім жүйесі – Боллон декларациясына қол қойды. Осы үрдісті ескеріп, оқу ордасының қара шаңырағы – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті  ғылыми-зерттеуге айрықша мән беріп жатыр. Соның айғағы ретінде  ҚазҰУ жанынан ашылған «Зерттеу» университетін айтуға болады.    Жалпы, «Зерттеу» университеті елімізде бұрын-соңды болмаған. Елбасының жақында халыққа жолдаған Жолдауында білім беру, сапалы оқыту, еліміздің барлық оқу ордасын зерттеу институттарына айнал­дыру мәселесіне де тоқталды. Ал осыларға үлгі ретінде ҚазҰУ таңдалынып отыр. Жалпы, «Зерттеу» университетінде өзінің саласы бойынша белгілі жетістікті бағындырған ғалымдар ғана дәріс оқитын болады. Және де ғылым магистрлары мен Phd докторларын заман ағымына сай дайындауда жаңа әдістеменің қолданылуы басты талаптардың бірі болмақ.
2. Орыс тілі ғылым жасайтын тілдердің қата­рында екеніне дау жоқ. Ресей білім берудің класси­калық үлгісін әлі күнге дейін сақтап отыр. Ал біздің боллондық білім беру жүйесіне қосылуымызға орай, оқытудың кредиттік жүйесі қолға алынды. Негізі, ол жақта ғалымдарға ғылыммен айналысуға жақсы жағдай жасалған. Мен Ресейдің Новоси­бирск қаласында оқыдым. Онда арнайы ғылыммен айналысатын «Академ қалашығы» деген орта бар. Барлық саланың мамандары қалашықта бас қосып, бір-бірімен ғылым жайлы пікірлеседі, ой бөліседі. Сол себепті де Ресейдің ғылымы жақсы көрсеткіш­терге ие деп ойлаймын. Бізге сондай қалашықтар ашу керек шығар, егер бірнеше институттың басын біріктіріп, сонда шоғырландырса, ғылымда нәтижелі көрсеткіштерге жетеміз деп нық сеніммен айта аламын.
3. «Ғылым банкет болып кетті» деген пікірмен келісе алмаймын. Бұл кейбір азаматтарымыздың артық айтқан сөздері шығар. Бірақ, шынымен де, ғылымға бармайтын азаматтарымыздың ғылыми атаққа ие боп жатқандарын түсінбеймін. Ғылыми атақты ғылымда қалатын, ғылыммен айналысатын азаматтарымызға беру қажет деп ойлаймын. Жалпы, кандидаттық, докторлық ғылы­ми-зерттеу жұмыстарын қорғайтын талапкер­лерге үлкен жауапкершілік қойылды. Қазір халық ара­сында ғылыми кандидаттық диссертацияның талапкеріне Phd доктордың білімі мен тәжірибесі сәйкес емес деген де пікірлер бар. Кандидаттық, докторлық ғылыми жұмыстарды талапкерлер өз күшімен жазған болса, қазір боллондық жүйеге сәйкес, докторларды мемлекет қаржыландырып, өз қамқорлығына алады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста