Ғылымды жалғастырып, дәстүрді сабақтаған...

Көрнекті ғалым, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ҰҒА-ның академигі, профессор Сейіт Қасқабасовтың есімі ел ішінде ғана емес, алыс-жақын шетелдерге де кеңінен танымал. Ғалым ізденісінен туындаған іргелі еңбектердің қай-қайсысының да ұлт мәдениетіне өлшеусіз үлес болып қосылып жүргені даусыз. Қазақ фольклорының прозалық саласын ғылыми тұрғыдан саралап, жанрлық жағынан жіктеген және қазақ мифологиясын типологиялық тұрғыдан тұңғыш тұжырымдаған Сейіт Асқарұлына көзіқарақты қауымның берер бағасы әрдайым жоғары. Осы ретте, ғалымның даралық сипатын ғылымдағы әріптестері мен ізбасар шәкірттері көзімен саралау мақсатында біз оларды сөзге тартқан едік.

Достыққа адалдығына тәнтімін
Сейіттің тіл десең, тілге, өнер десең, өнерге жосыла жөнелетін жүйріктігіне таң­ғалмау мүмкін емес. Соған қарамастан, «мен білем» дейтін менмендік мінезден мүл­­­де аулақ. Бұл – оның бойынан табиғи түр­­­де көрініс беретін, өзінен-өзі туындап жа­­т­атын ізгілік іздері. Осындай тек ғұ­ла­ма­ға жа­расқан қарапайым мінезі нағыз ға­лым­­ның кейпін сомдайды. Сейіттің оқы­ға­ны көп, оқы­ғанын көкейге тоқи білуі тіпті ерек. Тіпті кітап қана емес, тірі адам бойы­нан көріп, біліп, оқып алғандай көрінетін қа­­білеті бар. Сол оқып, көңілге түйгенін тұм­­шалап, өзі­мен-өзі тұйықталып, жұмбақ өмір сүретін жан­дар да бар. Сонымен бірге өмір­­де «Мен біл­генді өзгелер де білсін, әсі­­ресе келер ұрпақ білсін» дейтін табиғаты кең­пейіл жан­дар да жетерлік. Сейіт, ме­нің байқауымша, осы кейінгі лекке жататын тұлға. Ол кәсібі, ісі, тірлігі, мінез-құлқы әр алуан адамдармен қыз­меттес болды. Қыз­мет­тес бола жүріп, со­лар­ды тануға ты­рыс­ты. Әсіресе ғылымдағы ұйым­­дас­ты­ру­шы­лық қарым-қабілет жа­ғы­нан Сейіттің   І.Кеңес­­баев пен М.Базарбаевтан көбірек тағы­­лым алғаны байқалады.
Ғылым мен мәдениет және қоғам қай­рат­­­кері ретінде Сейітті шыңдаған мекеменің бірі – Қазақстан Орталық партия комитеті. Сейіт­­тің болмыс-бітіміне, білігіне қызықты ма, бірде оны Ө.Жәнібеков қызметке ша­қыр­­ды. Қазақтың осы бір кесек тұлғалы азаматымен қыз­меттес болған сәттерін Сейіт әлі күнге елжірей әңгімелейді. Айтса айтқандай, бұл тұс қазақтың рухани әлемінің ұлы тұл­ға­ла­рын қайта тірілту кезеңі болатын. Халық жауы ретінде талай арыстарымызды қырып сал­­ған қасиетсіз қаулылардың күшін жою әре­­кетінің басы-қасында болуы Сейітті қай­­раткерлік дәрежеге көтерді. Заманында әді­летсіздіктің ауыр азабын арқалап дүние­ден өткен ұлылардың аруағын тірілтуге қыз­­мет ету арқылы ол өзінің негізінде бар тек­тілікті шыңдады. Тәуелсіз еліміздің ең­се­­сін көте­ріс­кен еңселі азаматтардың бірі­не айналды. Бұл оның азаматтық бол­мы­сын танытатын қа­сиеті болса, адамдар ара­­сын біріктіре тү­се­тін келесі бір ерек та­би­­­ғаты – оның дос­тық­қа деген адал ние­ті дер едім.
Өмірзақ АЙТБАЙҰЛЫ, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті, ака­де­мик

Қайраткер дәрежесіне көтерілген ғалым
Ғалымдардың әртүрлі типі бар. Бірі  ғы­лымның нақты бір саласымен ғана шұ­ғылданады да, әкімшілік жұмыстармен, шә­кірт тәрбиелеумен айналыспайды. Сейіт Ас­қарұлының бір қасиеті – осы жұ­мыс­тар­ды қатар алып жүруінде. Яғни ол кісі – ака­де­миялық сипаттағы ғалым әрі үлкен ұйым­дастырушы, сонымен бірге ұлағатты ұс­т­аз да. Бұл ретте, ол ғылыми тұрғыда із­денуші шәкірттерінің бәріне бірдей жақсы та­қырыптар береді және олар үлкен кон­цеп­цияларға құрылып отырады. Осы тұр­ғы­дан алғанда, Сейіт аға – өз шәкірт­те­рін ака­демиялық ғылымның дәстүрінде тәр­биелеп келе жатқан адам. Қарап тұр­са­ңыз, ұстаздың да ұстазы бар. Мысалы, бер­ген та­­қырыбы немесе идеясы шәкірт­те­ріне ұна­май не оны дұрыс жүйеге, арнаға сала ал­май жүретін де ғалымдар болады. Ал Сейіт ағаны шәкірттерімен жұмыс істеу­де өзін­­дік мектеп қалыптастырған және осы фоль­клортану саласындағы шәкірті ең көп адам десек, қателеспейміз. Сондай-ақ ға­лым­­ның шәкірттері фольклордағы ең өзек­ті тақырыптарды қолға алғандығымен де дараланып тұрады. Бұл ретте, Сейіт Асқар­ұлы ғылымдағы кезінде өзі айта ал­маған ойларын, уақыты жетпеген та­қы­рып­тарын шәкірттеріне беріп, солар ар­қы­лы дамытып отыруымен де ерекше қа­дірлі.
Бір айта кетерлік еңбегі, бұл кісі – Тәуел­сіздіктің алғашқы жылдарында Қазақ­станның жоғарғы аттестациялық ко­мис­сиясын қолымен құрған, Орталық ко­ми­тетте қызмет істеген, сөйтіп, көптеген ақ­таңдақтарымызды ашуға негіз болған қау­лыларды дайындаған адам. Былайша айт­қанда, Сейіт Асқарұлының фольклор арқылы өткеннің жұмысымен ай­на­лы­сып қана қоймай, оны бүгінгі күнмен бай­ла­ныс­тыра алған, сөйтіп, үлкен қайраткер дәрежесіне көтерілгендігі анық.
Ғалымның тікелей шәкірті ретінде ме­нің қорғаған тақырыбым қазақтың сал-серілері поэзиясына қатысты болды. Сол кезде Сейіт ағаның Ақан сері мен Біржан салдан бастап, көптеген халық ком­по­зи­тор­ларының шығармаларын, ескі әндерді жатқа білетіндігі және домбырамен жақсы орын­дайтындығы мені қайран қал­дыр­ды.
Шәмшидин КЕРІМ, Нұр-Мүбәрәк универ­си­тетінің проректоры, профессор

Қорқып та, сыйлап та тұрамыз...
Қазақтың фольклоры – телегей те­ңіз­­дей көл-көсір дүние. Өткен ғасырдың 60-жылдарында әлемдік және Ресей фоль­­к­лор­тану ғылымындағы озық әдіс-тә­сілдерді мең­гере отырып, Сейіт аға соны жаңаша жүйе­леді. Мысалы, ол кісі «зерт­теліп бітті» деп есептелініп келген ертегі саласының өзінен көптеген жаңа­лық­тар ашты, жанр­лар­­ға бөліп, жүйеледі, саралады. Өзіндік ен-­­таңба салған сияқты етіп таңбалау ба­ры­сын­да ертегілеріміздің өзі миф, әпсана, хи­каят, аңыз түрлеріне бө­лініп, олардың си­паттамасы әлемдік фоль­клор деңгейінде ай­қындалды. Бірақ алып бәйтерек іспетті қазақ фольклорын бір кісінің игеріп алып кетуі мүмкін емес еді. Сондықтан бұл кісі шәкірт тәрбиелей білді. Соның арқасында «Қазақ әдебиеті та­рихының» «Қазақ фольк­­лортануы» атты бө­лімін сол кісінің бас­­шылығымен біз, яғни шәкірттері, жазып шық­­тық. Бұл ол кісінің ғалым ғана емес, та­ғылымды ұстаз екендігін де көрсетеді. Өзі терең білімді болғандықтан, бұл ретте, ол кісінің талабы да өте қатал. Сол үшін біз әрі қорқып, әрі сыйлап та тұра­мыз.
Оқушы баланы ұстаз қалай әліппеге үй­рет­се, Сейіт аға да ғылым жолына бізді со­лай баулыды. Жұмыс барысында қара­са­ңыз, өте сұсты, қаһарлы адам. Ал үйіне бар­саңыз, қазақтың жағасы жайлау, көңілі көк­тем, дана қариясын көресіз. Керемет мейір­бан. Үйінде бай кітап қоры бар. Керекті әдебиетіміздің барлығын да аямай қо­лы­мыз­ға ұстатады және үйімізге беріп жі­бе­реді. Сосын көл-көсір дастарқан жая­ды. Соны ішіп-жейміз. Домбырасын қо­лы­на алып, ән айтатын, шежіре шертетін қа­сие­ті де – бөлек әңгіме. Тағы бір қасиеті – жұмыста бізден есеп алса, үйіне бар­ға­ны­мызда бізге есеп береді, жазып жатқан дүниелері туралы жа­лық­пай әңгімелейді, алдағы жоспарларымен бөліседі. Шәкірті ре­тінде керемет қара­пайымдылығын, адам­гершілігін, мейір­бан­дығын көрген­дік­тен де қасынан кете алмай, байланып қа­ла­мыз. Әйтпесе академияда ақша аз. Шын­дығында, көптеген шәкірттері Сейіт ағаның адами зор қасиеттерін сыйла­ған­дық­тан да, ғылымға адал қалпында қалып отыр. Ол кісі болмаса, мұнда ғылым­ның жал­ғастығы, дәстүр сабақтастығы үзіліп қалуы да ықти­мал еді. Бірақ Сейіт аға – бүкіл шәкірттерін көндіре білген, соңына ерте алған адам. Мәселен, Кенжехан Ма­тыжан деген шәкірті әуелде ғылым кан­ди­дат­тығын академияға жазып алып келген. Сонда Сейіт аға: «Саясаттанудың ғылым­да­ғы жолы ұзақ болмайды. Өзің дарынды жігіт екенсің. Тілімді алсаң, қазақтың ха­лық­тық мұрасын зертте. Сонда үлкен қазы­наға батасың. Ол – өзіңе де абырой, хал­қыңа да абырой», – деген. Жас ғалымның мық­тылығы – жазып қойған жұмысынан бас тартып, Сейіт аға берген «Қазақтың балалар фольклоры» деген тақырыпқа дереу кіріскен. Осылайша, ауыз әдебиетінің ең бір арналы бұтағын игеріп шыққан Кенжехан ағамыз докторлық жұмысын отбасылық фольклордан қор­ға­ды. Ал ғылыми ізденісін сал-серілер­ден бас­таған Шәмшидин Керім ағамыз ар­тын­ша жұм­бақ­ты докторлық жұмысқа ай­нал­дырды. Сөйтіп, Сейіт ағаның шәкірттері қазақ фольк­лортануындағы жеке-жеке жанр­лар­ды жүйелеп, монография дең­гейі­не кө­тер­ді. Осындай іргелі зерттеулер ар­қа­сында қазақтың көне мәдениетінің тамыры тереңде және іргетасы өте мықты екендігі, сондай-ақ үлкен құндылық болып табы­ла­тыны әлем мәдениетімен салыстыра зерттелді.  Сондықтан біз Сейіт ағаны артына үлкен мектеп ерт­кен, жо­ғары деңгейдегі ғалым деп тани­мыз.
Ақеділ ТОЙШАНҰЛЫ, М.Әуезов атын­да­ғы Әдебиет және өнер институтының аға ғы­лыми қызметкері

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста