Ғұмырын ғылымға арнаған

Ғұмырын ғылымға арнаған

Отандық ғылымға еңбегі сіңген ғалымдардың тізімінде есімі ерекше аталатын жандардың бірегейі – Майя Шығаева. Қазақ ғылымының дамуына жарты ғасырдан астам ғұмырын арнаған микробиолог, биотехнолог, эколог, ҚР ҰҒА академигі, биология ғылымының докторы, профессор Майя Хажетдинқызы биыл 85 жасқа толып отыр. Бүгінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де биология және биотехнология факультетінің құрметті кафедра меңгерушісі болып қызмет ететін ғалымның мерейтойы жақында қара шаңырақта салтанатты түрде аталып өткен еді.

Академик Майя Шығаева 1927 жылы Ресей­дің Астрахань қаласында дүниеге келген. Жасынан білім-ғылымға деген құш­тар­лығымен, еңбекқорлығымен ерек­шеленген талдырмаш қыз күрделі де жауап­ты мамандықты таңдайды. Ол Алма­ты мемлекеттік медицина институтын та­мам­дап, алғаш еңбек жолын 1949 жылы бітір­геннен  кейін  Қаз КСР ҒА микро­био­ло­гия және вирусология институтында ас­пи­рант болып бастап, директордың ғы­лыми жұмы­сы жөніндегі орынбасарына дейін көте­ріледі.
Майя Шығаеваның тұсында қазақ әйел­дерінің арасынан ғалымның шығуы өте сирек кездесетін құбылыс еді. Алайда Майя Хажетдинқызы отбасында аяулы жар, балаларына қамқор ана бола жүріп, ғы­лымға да үлкен еңбек сіңірді. Ғалым бүгінге дейін 300-ден аса ғылыми жұ­мыс­тың, соның ішінде 10 монография, үш оқу құралы, екі оқулық, екі оқулыққа қо­сым­ша­ның авторы, 43 авторлық куәліктің иегері ре­тінде ғылыми ортаға танымал.
Ғалымқайыр Мұтанов, ҚазҰУ ректоры:
– Қазақстандық ғылымның мақ­та­ны­шы Майя Хажет­дин­қызы – білімі теле­гей теңіз, ең­бегі бар­шамызға өне­ге ке­меңгер жан. Биология ғы­­лы­­мының да­муына үлкен қадам­­дар жасаған ғалы­м­ның ізденістері, еңбегі тек өз елі­мізде ғана емес, алыс-жақын ше­тел­­дер­де де үлкен бағасын алған. Майя апайдың ғылыми жұмыс­та­ры бір төбе, сондай-ақ шәкірт тәр­­биелеудегі ұстаздығы мен ада­ми қасиеті құрметке лайық. Ол кісіден дәріс алып, тәрбие көрген шәкірт­те­рінің ішінен жеті ғылым докторы, 40-тан аса ғылым кан­ди­даттары бүгінде өз еліміздің түкпір-түкпірінде және шетел­дер­дің жоғары оқу орындарында, ғы­лы­ми-зерттеу институттарында еңбек етіп жүр.
«Ұстазы жақсының ұстамы жақ­сы» демекші, нағыз ұла­ғатты ұстаз шәкірттеріне тек білмегенін білдіріп қана қоймай, өмірде әр­кім өз орнын табу үшін жас ұр­пақ­тың бойына адами қа­сиет­тер­ді да­рытуды мақсат етеді. Өзі тәр­бие­леген шәкірттерін мамандықтарына адал болуға баулыған Майя Шығаева жо­ғары мектеп проб­ле­маларын зерттей оты­рып, іргелі және қолданбалы ғылыми жұмыс­тар атқаруға қауқарлы ғы­лы­ми-пе­да­гогикалық ұжым қалып­тас­тыр­ды. Сөй­тіп, оның бас­шылы­ғымен елімізде мың­да­ған ғылыми жә­не педагог мамандар дайын­далды.
Ұлағатты ұстаз, білікті ғалым М.Шы­ғае­ваның ғылыми-педагогикалық және қо­ғамдық жұмыстары еленбей қалған жоқ. Ол ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің гра­мо­та­сымен, «Халықтар достығы», «Парасат» ордені және «Еңбек ардагері» медаль­да­рымен марапатталды. 2000 жылы АҚШ-тың биография институты Майя Шы­ғае­ваны ­«2000-жыл әйелі» құрметті атағына лайық деп тапты. 2004 жылы «Қазақстан Рес­публикасы ғылымының дамуына қос­қан үлесі үшін» төсбелгісімен, 2009 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 75 жыл­ды­ғына орай, «Үлкен Алтын белгі» ме­да­лімен марапатталды.
Есімі «Қазақстанның Алтын кітабына» енген Майя Хажетдинқызы өзінің өмірлік серігі, Ұлы Отан соғысының ардагері Қайсар Қасымбековпен бірге төрт перзент тәрбиелеп өсірді. Өнегелі отбасынан тү­леп ұшқан ұлдары Болат, қыздары Сәуле бүгінде Қазақ ұлттық университетінде қыз­мет етеді. Тағы бір қызы Зарема Аме­ри­каның белгілі ғылыми-зерттеу орталығында еңбек етіп жүр. Жар сүйіп, бала тәрбиелеп, сүйікті кәсібінде үлкен жетістіктерге жеткен Майя апай – әйел бақытын иеленген жан ретін­де көпшілікке үлгі. Бүгінде Майя Хажет­динқызы – немере, шөберелерінің қызы­ғына бөленіп отырған ардақты әже. Осынау көктемнің әсем мерекесі 8 Наурыз халық­аралық әйелдер күні қарсаңында Майя апайға мықты денсаулық тілейміз.
Райхан Сыдықбекова, Биология және биотехнология кафедрасының доценті, биология ғылымдарының кандидаты

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста