Гүлназ Жоланованың тұрмысқа шыққалы жатқаны рас па?
Отандық шоу-бизнестегі танымал актрисалардың бірі Гүлназ Жоланова тұрмыс құруға асықпайтынын айтты. Баян Есентаевамен бес жылдық келісімшарты бар актриса екі-үш жылдан кейін отбасылы болып қалатынын жеткізді деп хабарлайды НТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.
«Дәл қазір, осыдан бір жыл өткен соң немесе 5-6 айдан кейін тұрмысқа шығамын деп айта алмаймын. Көре жатармыз. 2-3 жыл...Нақты тұрмысқа шыққан уақытта, кім екенін, қалай таныстым, не болғанын барлығын өзім айтамын»,- деді ол.
Гүлназ қандай рөл болсын Баян Есентаевамен ақылдасып таңдайтынын айтты.
«Продюсермен бірге талқылаймыз. Қандай фильм? Қандай кейіпкер? Ол өзінің кеңесін айтады. Қай фильмге түскенім немесе түсепегенім дұрыс екенін шешеді»,- деді Гүлназ.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу