Актриса Гүлназ Жоланова "Қарақатпен шай" бағдараламасында әкесімен араласпайтынын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Отбасымда анам және мен. Ол кісі Ақтау қаласында тұрады. Мен жұмыс бабыммен Алматыдамын. Әкем жайлы айтатын болсам, бұл анамыз екеуміз үшін де ашық тақырып емес. Сондықтан мен оны сұқбаттарда ашық талқылай алмаймын. Дегенмен әкем Ақтау қаласында тұрады. Өкінішке орай, араласпаймыз. Өмірімде көргенмін. Кішкентай кезімде және мектеп бітіргеннен кейін де бір-екі рет көрдім.
Мүмкін уақыты келер кездесетін, сөйлесетін. Сосын бір он жылдан кейінгі сұқбатымда әкеммен араласатынымды, сөйлескенімді айта алатын шығармын" , - деді Жоланова.
Сұқбат барысында актриса болашақта әкесімен араласуға қарыс емес екенін де атап өтті.
"Өзі ниеттенсе әрине қарсы емеспін. Әкеме қатты зәру болған кезім болған жоқ. Алайда, қазір психологиялық кітаптарды бәрі оқиды. Сол кезде, зерттей, ойлана келе өзімнің өмірлік қателіктерімнің неден екенін білдім. Айналып келгенде соған алып келеді.
Біз анамызбен бұл тақарыпқа сөйлескенбіз. Оны мән-жайлы білемін. Сол кезде ол жабылған. Әкеме деген жек көрініш, өкпем жоқ. Әркім өз ісіне тек өзі жауапты. Бұл жерде мен баламын. Әлі күнге дейін. Менің мақсатым - ешқандай реніш ұстамау, ренжімеу, өкпенің болмауы. Себебі, мен өкпелі болсам бұл ары қарай менің өміріме зияны келіп қалуы мүмкін. Сондықтан мен бұл ситуацияны жібердім" , - дейді актриса.