«Гүл әпше» үшін Баян Есентаева заң алдында жауап бере ме? (видео)

Gakku арнасы продюсер Баян Есентаеваға ресми жауап берді, деп хабарлайды Baistars.kz. Естеріңізде болса, бұған дейін «Алау» тобының орындауындағы «Гүл әпше» композициясы 30-жылдардағы румын әнінің көшірмесі болып шыққандығы мәлім болған. Ең бірінші болып мұны Gakku арнасы байқап, топты «ұрлықшы» деп айыптады. Бұл жаңалық Баян Есентаеваға қатты әсер еткен болса керек, ол өзінің инстаграмдағы парақшасына Gakku арнасынан кешірім сұрауды талап етті. Топтың орындауында бұл ән «кавер-нұсқа» деп, телеарна тілшілерін «кәсібилігі төмен» деп айыптады.

Gakku арнасы да қарап жатпай, өз біліктілігін дәлелдеу мақсатында, мәселенің мән-жайын зерттеуге кірісті. Ең алдымен кавер дегеннің анықтамасын ұсынды: «Алдымен, «кавер» — сөзінің мағынасы тоқталсақ. Ол-білгілі бір орындаушы немесе топ авторлық музыкалық композицияны өз нұсқасында орындау дегенді білдіреді. Ал, оны орындаған топ кавер топ болып аталуы тиіс. Сонда, «Алаулықтар» кавер топ па? Дегенмен, бұл да оларды құтқармайды». Сөздері дәлелді болу үшін заңгер Марат Бақтыбаевқа жүгінген: «Кавер» сөзін қолдану жауапкершіліктен құтқармайды. Ол үшін де автордан рұқсат алуы керек. Бұл дегеніміз, сөзін аудару, қандай да бір өңдеу, жасар алдында әннің иегерінен рұқсат алуы қажеттігін білдіреді. Әнді орындар алдында әннің иесімен хабарласып, оны орындауға рұқсат етуі туралы келісім-шарқа қол қойылуы қажет», — деп жауап берген заңгер.

Алайда продюсер бұл шарттарды ұстанбаған. Оны Румын мәдени ұйымының төрағасы Николай Плушкин растап отыр. Ал Николай Плушкин осы әнді Қазақстан территориясында орындауға рұқсат алғандардың бірі.

«Біз бұл әнге рұқсатты 2013-ші жылы алдық. Сол кезде алғаш рет орындадық. Олардың директоры Назымға хабарластым. Мен оған айттым, соған қарамастан youtube-қа салып қойды. Кейін youtube каналына екі сілтеме жібердім. Бірі топ айтқан түпнұсқа болса, екіншісі 28-ші тамызда Астанадағы Қазақстан халқы Ассамблеясының гала-концертіндегі біздің орындауымыздағы видеоны да ұсындым. Бұдан кейін олар толықтай көшіріп алды«, — дейді Николай Плушкис.
1
«ГҮЛ ӘПШЕ» ТӨҢІРЕГІНДЕГІ ДАУ: БАЯН ЕСЕНТАЕВА ЗАҢ АЛДЫНДА ЖАУАП БЕРЕ МЕ?

Buclet

Бір сөзбен айтқанда, Николай мырзаның жан айқайына Есентаева ханым құлақ аспаған. Ешқандай да келісім-шарт жоқ, ал бұл заңға қайшы.

Марат Бақтыбаев, заңгер: «Қазақстан Республикасында авторлық әндерді заңсыз орындаған әнші қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Қазақстан Республикасының авторлық аралас құқығындағы 16-шы бапта автордың құқығы жөнінде айтылады. Қысқаша айтып өтсем, онда шығарманы қолданудағы қатысты түрлі нұсқалары жазылған. Мысалы, әннің өңделуіне, сөздің аударылуына тек автор ғана рұқсат бере алады, — дейді Бақтыбаев мырза.

Сонымен қатар, музыкалық сыншы Артем Крылов жалпы мұндай тірліктің өзі ұят екенін айтты: «Біреудің әнін алғанда біріншіден этикалық тұрғыдан дұрыс емес, екіншіден қылмыс деп есептеймін. Бұл біздің музыкамыздың дамымағанын көрсетеді. Сонымен қатар, халықтың да. Әдетте орындаушыларға үнсіз иелік еткен ыңғайлы. Мұндайды, «үнсіз ала тұру» дейді. Қатты айтпай-ақ қояйын, — дейді Крылов мырза.

Дегенмен, телеарна продюсерге еш ренжімейтінін жеткізді. Және бұл оқиға жақсы бір істің бастамасы болғанын мәлімдеді. Алдағы уақытта Gakku арнасы отандық шоу-бизнестегі плагиат әндермен күреспек. Оның тағы бір себебі мынау: «Мұндай әндерді мейлінше қолданбай және оған түсірілген бейнебаянды көрсетпеген дұрыс. Себебі, алдағы уақытта құқықтық келеңсіздіктерге ұшырауы мүмкін. Әннің иесі сотқа берген жағдайда арнаға қаржылық салмақ түседі«, — деді музыка сыншысы.

Тағы бір айта кететін жайт, бұл ән бір ғасырға жуық делінген еді. Баян Есентаева бұл әннің Эдит Пиаф орындап шыққанын, әрі ол да ұрлықшы болғаны ма деген сауал тастаған болатын. Алайда сол кездері бұл әнді Эдит Пиафқа тарту еткен композитор плагиат бойынша айыпқа тағылып, түпнұсқа авторы Рихард Штейннен жеңілген екен.

Нәтижесінде, Эдит Пиаф әр орындаған сайын негізгі авторға гонарар төлеп отырған. Ал, бұл әнде екі бірдей заң бұзылып отыр. Бірі, композитор Рихардтың құқығы тапталса, екіншісі Ро-Мания тобының орындауындағы әннің өңделуін жасаған өңдеушінің құқығы да еленбеді.

Осылай дей келе Gakku арнасы бұл мәселені әрі қарай қозғамайтынын, осы жерден нүкте қоятынын мәлімдеген.

baistars.kz
 
Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста