Голливуд «Тұранды» тосып отыр

Голливуд «Тұранды» тосып отыр

Көнеден күңіреніп жеткен сырлы сазбен көрерменін баурап алған «Тұран» этнографиялық ансамблі әлемдік киноның астанасы Лос-Анжелеске бүгін түнде ұшпақшы. Өйткені маусымның 10-ы мен 26-сы аралығында Голливудта отандық кинематографтардың үздік тоғыз киносы қазақ киносының фестивалінде тұңғыш рет көрсетілгелі отыр. Атақты Билли Улдердің театрындағы Хаммер мұражайында өтетін ашылу салтанатына біздің «тұрандықтар» арнайы шақырту алған екен.
Осыдан үш жыл бұрын, 2008 жылы құ­рылған «Тұран» фольклорлық-этногра­фия­лық ансамблінің өнерпаздары бір кез­дері елімізге белгілі «Сазген сазы» ансам­блі­нің орындаушылары болған. «Сазген са­­зын­да» жүріп, тәжірибе жинап, басқа эт­но­гра­фиялық ансамбль құруды мақсат еткен жас­тар діттеген үдеден шық­ты. Қан­ша­ма бай­қауға қатысып, жүлделі орын­дарға ие бол­ды. Былтырғы жылы өткен «Орте­ке» дәстүрлі қуыр­шақ өнерінің ха­лық­аралық фести­ва­лінде ортекені ерекше ойнатып, дөңгелете шыр айналдырып шоу жасаған өрендер ше­телдіктердің таңдайын қақтыр­ға­нын бі­леміз.
«Тұранның» бес мүшесі – Мақсат Ме­деу­бек, Бауыржан Бекмұханбетов, Хорлан Кар­тенбаева, Серік Нұрмолдаев, Абзал Арық­баевтардың барлығы да – кәсіби музы­калық білімді музыканттар. Құр­ман­ға­зы атындағы Қазақ ұлттық кон­сер­ва­ториясының түлектері. Олар өз ма­ман­дықтары бойынша игерген домбыра, қылқобыз, прима қобыздан бөлек, же­тіген, сазсырнай, сыбызғы, шаңқобыз, шің­кілдек, дауылпаз сынды аспаптарды да меңгеріп, қосымша білімдерін же­тіл­діріп жүрген жайлары бар.
Мақсат МЕДЕУБЕК, ансамбль мүшесі, қылқобызшы:
– Алғашында киімдерімізді өз қаржымызға тіктірттік. Қазір, құдайға шүкір, қол ұшын беретін адамдар табылып жатыр. Шетелдерден де арнайы ұсыныстар түсіп, шақырту алып тұрамыз. Бұрын-соңды болмаған жаңалық – Германияда өткен Уoung Euro classic фестивалінде Ақтоты Райымқұлованың «Дала сыры», Алматыда «Ежелгі Тұран», Америкада «Жәмилә» симфониялық поэмаларын симфониялық оркестрмен қосылып орындадық. Этнографиялық аспаптық ансамбль мен симфониялық оркестрдің қосылып орындауы тыңдаушылардың ықыласын тудырды, таң қалды, өте жоғары деңгейде қабылдады.
Кинофестиваль ұйымдастырушылары АҚШ-тағы Қазақстанның елшілігі мен Лос-Анжелестегі Қазақстанның әрі Helix Films кинокомпаниясының елшісінің ар­на­йы шақыртуымен мұхит асқалы отырған қазақтың қара домбырасы мен қоңыр үнді қобызын, өзге де көне аспаптарын арқалап, дәстүрді дәріптеп жүрген ұл-қыз­дарына сәттілік тілейміз. Ежелгі қазақ са­ха­расы, Тұран ойпатының шаңын шы­ғарып, шабытын шақырып жүрген өнер ие­лері әлі талай елде қазақ атын шыға­ра­тынына бек сенімдіміз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста