Ғазизхан Шекербековке достары қастандық жасаған ба?
Танымал отандық әнші әрі сазгер Ғазизхан Шекербеков сенім артқан өнердегі достарыныцң концерт өкізуіне кедергі жасағанын жайып салды деп жазады "Астана" арнасының "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Осыдан біраз уақыт бұрын ел алдында дүркіретіп тұрып концерт бермек болған әнші өзіне жасалған қиянат жайлы жасырмады.
"Иә. Менің "ерекше дүрілдетіп тұрып концерт беремін" деген арманым болды. Оны қолға алып, бірнеше жұмыстар жасалып, жоспар бойынша әрекет етіп жатқан едік.
Бір кісілер сөзінде тұрмай, кедергісін келтірді. Қастандық десе де болады.Мәселе қаржыда емес. Қаржы мәселесін бірдеңесін қарастырып шешуге болады. Сол себепті өзім аздап күйзеліске түстім.
Енді мен ойлаған жоспарсыз да концерт беруге болады. Бірақ ол өзге концерттерден еш айырмасы болмай қалады. Сондықтан, концертті бермей тұра тұру туралы шешім қабылдадым", - дейді әнші.