Ғазизов ғибраты

Ғазизов ғибраты

Жуырда Алматы қаласындағы П.И.Чайковский атындағы музыкалық колледжде белгілі композитор, Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі, марқұм Нұролла Ғазизовтің 70 жылдық мерейтойы аталып өтті.
Нұролла Ғазизовтің шығармалары көзі тірісінде жоғары бағаланған. Жиналған жұрттың айтуынша, композитордың кеңес өкіметі қарсаңында ең жоғарғы марапат­тарға ие болған туындылары бүгінде назар­дан тыс қалып жатыр. Композитордың жары Рысқайша Ғазизова: «Менің күйеуім 1982 жылы 42 жасында қаза болды. Ол кезінде Темiржан Базарбаев, Мыңжасар Маңғытаев, Базарбай Жұманиязовпен қатарлас шығып, ел аузына ерте iлiндi. 1969 жылы КСРО Композиторлар одағы­ның Мәскеуде өткен арнайы пленумында Нұролла Ғазизов Кеңес Одағындағы ең үздiк 25 композитордың қатарында атал­ды. Оның «Ғани Мұратбаев», «Қызыл қа­йың», «Жас ұлан» атты симфониялық поэ­ма­лары мен увертюралары сыншылар тара­пынан да биiк бағаланды. Н.Ғазизов жаз­ған iшектi аспаптар квартетi, фортепиа­но­лық трио әлi күнге осы жанрда өзгелерге үлгi болып келедi. Н.Ғазизовтің балаларға арналған шығармалары бастауыш музыка мектебiнiң репертуарынан түсiп көрген жоқ», – дейді. Нұролла Ғазизовтің Қарлы­ғаш атты қызы, Ақбота атты немересі бар. Ком­позитордың халыққа танымал «Ор­кестр­ге арналған шығарма», «Фортепиано мен дауысқа», «Фортепианоға – ауыл су­реттері», «Симфония – қызыл қайың» тағы басқа шығармалары бүгін де маңызын жойған емес.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста