Ғарышкерлер Арқалыққа қонды

Кеше Астана уақытымен са­ғат 10:46-да Қостанай об­лы­сы Арқалық қаласынан 70 ша­қырым жерге Халықаралық ға­рыш стансысының «Союз ТМА-19» кемесінде болған 25-экс­­­пе­диция келіп қонды. Эки­паж құрамындағы ресейлік Фе­дор Юрчихин, америкалықтар Дуг­лас Уилок және Шеннон Уо­кер­ді қарсы алуға аталмыш екі мемлекет пен Қазақстан та­ра­пынан 18 тікұшақ және бір­қа­тар эвакуациялық көліктер жұмылдырылды.
Халықаралық ғарыш стансысында бес ай бойы қызмет етіп, арнайы аппарат ішін­де Арқалықтың маңайына кеп құлаған аталмыш экипажды жедел іздестіру-құтқа­ру жұмыстарын жүргізу үшін Қостанай об­лысына келіп жеткен бір топ ресейлік-аме­рикалық мамандарды Росавиацияның жетек­шісі Александр Нерадько басқарды. Ға­рышкерлер қауымын әдеттегідей құрт-майы­мен құшақ жая қарсы алған Қазақстан өкілдерінің атынан Қостанай облысы әкімі­нің орынбасары Серік Бектұрғанов бұл жо­лы да ғарыштан келген азаматтардың иы­ғы­на шапан жауып, ал нәзік жанды ға­рыш­кер Шеннонға қамзол кигізді.
Жоспар бойынша «Союз ТМА-19» ке­месінің 25-экипажы жерге 30 қара­ша­да оралуы тиіс еді. Алайда Астанада өте­тін ЕҚҰЫ саммитіне байланысты бұл ша­раны 26 қарашаға ауыстырған болатын, бір­ақ Қостанай облысындағы қолайсыз ауа райы біраз алаңдаушылық туғызған еді. Деген­мен Арқалық аймағындағы ауа райы қалыпты болып, экипажы бар капсула аман-есен жерге жетті. Құтқару қызметі офицерінің айтуынша, ғарыш кемесінен бөлінген аппарат Қазақстан жерінен тыс­қа­ры құлауы да мүмкін деген болжам бол­ған­дықтан, әлемнің әр жерінен 12 «поли­гон­дық нүкте» дайындап қойыпты. Алайда Тор­ғай даласына тұрақты түрде қонуды әдет­ке айналдырған аппараттар бұл жолы да қазақ даласын жазбай тапты.
Ғарышкерлер өздерімен бірге радиа­ция­ның адам ағзасының органдарына қа­лай әсер ететінін анықтау мақсатында ашық айлаққа шығарылған «Матрешка-Р» ма­некенінің детекторын әкелді. Әсіресе, соның көмегімен қатерлі ісікке байланысты болжаулар анықталады деген үміт зор. «Екінші рет екі ай бойы орбиталдық саяхат­та болған клеткалардың барлығы тірі, олар­дың өміршеңдігі бірқалыпты, тіпті кей­біреуінің белсенділігі Жердегіден де жо­ғарылаған», – дейді «Женьшень-2» экс­пе­риментінің жетекшісі Татьяна Краше­нинникова.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста