Ғаділбек Жанай «Ханшайым» әні ұрланған дегендерге өз жауабын берді

 Өткен жылы Ғаділбектің «Ханшайымым» әні хитке айналып, халық арасында жылдам тарап кеткен болатын. Әнін Ғаділбектің өзі жазған, сөзі Ринат Зайтовқа тиесілі. Алайда, жақында ғана әлеуметтік желілерде Ғәділбектің бұл туындысы армян әншісі Рипсимэ Акопяннан (Hripsime Hakobyan) ұрлағаны туралы сыбыс шықты. 

” Әннің бірінші куплеті ұқсайды дегенді естідім. Күніне қаншама ән шығып жатыр, кім біледі, естіген ән болуы да мүмкін, сондықтан ұқсап кетіп жатады кейде. Алайда, сондай аумайтын нәрсе емес енді, кейбір келетін аккордтары бар екен. Бір – біріне ұқсайтын әндер көп қой”, – деп қысқа қайырды.

Айта кетейік, әнші жақында ғана осы әнге бейнебаян түсірді. Көрерменге 1-2 айдың көлемінде жол тартатын туындыда Ғаділбектің жақын досының жары басты рөлді сомдайды. Неге өзіңіздің жұбайыңызды түсірмедіңіз дегенге, «Ол ондай нәрсеге құмар емес. Үйдің, жанұяның адамы» -деді.

Ал клипте қазақ қызының инабаттылығы мен ибалылығы, үлкенге құрметі, кішіге ізеттілігі көрсетіледі.

” Қазір неше түрлі нашар дүниелер, атыс-шабыс, өлім деген нәрселер халықтың кішкене жүрегін ауыртып жатырған заман болып тұр. Осындай кезеңде адамның жүрегіне жылылық ұялататын, ұлттық салт-дәстүрімізді көрсететін дүние түсірдік. Отбасы құндылығын, қазақилықты, келіннің ата-енеге құрметін, жарына деген сезімін, аналық мейрімін, келіндік инабаттылығын көрсетуге тырыстық”, – деді әнші.

Естеріңізге сала кетейік, әнші бұл туындыны өзінің жарына арнап шығарған болатын. Бұған дейін желіде әннің ұрланғанын дәлелдеу үшін түпнұсқасын белсенділер жариялаған болатын. Екі әнді салыстыру мақсатында біз де қос әуенді көрерменнің назарларыңызға ұсынған болатынбыз.

 stan.kz 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста