Фотоөнердің қыр – cыры үйретілді

Фотоөнердің қыр – cыры үйретілді

Қазақтілді контент тағы да бір жаңа сайтпен толықты. рhotooner.kz-тің ерекшелігі – онда суреттер сөйлейді. Сайт ұжымы сапасы жоғары кескін арқылы ақпаратты жедел әрі шынайы таратуға тырысатынын жеткізді. Бүгінде Photooner.kz сайты оқырмандарына жаңалықтар, фотодәріс және галерея сынды төрт бірдей айдарды ұсынып отыр. Бұған қоса, «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің жанынан құрылған осы желі ел аумағындағы фотография саласы бойынша мемлекеттік тілде қызмет ететін алғашқы сайт болып тіркеліпті. Енді кез келген оқырман сайт арқылы бірлестіктің атқарған жұмыстары мен басқа да жаңалық, хабарлардан ақпарат алу мүмкіндігіне қол жеткізбек. Әрі фототехникалардың жаңа түрлерімен таныстыру, фото әлеміндегі жаңалықтар мен мақалалар жариялау және орталық фотомұрағат құру бағыттары бойынша қызмет көрсетпек.

Серік ӨТЕГЕНҰЛЫ, Photooner.kz сайтының жетек­шісі:
– Біздің сайт, негі­зі­нен, фото­гра­фияға, оның ішінде кәсіптік, кәсіп­қой фотографияға арналған. Бұл жерден кәсіпқойларға арналған бейне жаз­ба­да­ғы фото-дәрісхананы да таба аласыз. Көздегеніміз – елдегі заманауи фото­гра­фияның деңгейін көтеру. Осы жолда пай­далануға берілген сайт өз көрер­ме­нін табады деген ниеттеміз.

Сонымен қатар «Оңтүстік Қазақстан» ақпа­рат орта­лығында «Фото­жур­на­лис­тика» атты оқу құралының, «Қазақ баспасөзінің фотошежірешілері» атты фотоальбомының таныстырылымы өтті. Шараны 40-қа жуық мүшесі бар «Фотоөнер» қоғамдық бірлес­тігі ұйым­дас­тырды. Мақсат – қазақ фото жур­налис­терінің шеберлігін шыңдау, кәсіби қызығушылығына қолдау көрсету болмақ. Айта кетерлігі, қоғамдық бірлестік Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық универ­си­тетінің журналистика факуль­те­ті­мен тығыз байланыс орнатып, мемлекеттік тілде тұңғыш рет «Фотожурналистика» атты оқу құралының жарық көруіне септігін тигізді. Оқу құралы журналистика маман­ды­ғы бойынша фотожурналистика пәнінен дәріс алатын студенттерге және де фото­сүйер көпшілік қауымға арналған.
Ал «Қазақ баспасөзінің фото­ше­жі­решілері» атты фотоальбом – 1930-2000 жылдар аралығындағы тарихи тұлға­лар­дың портреттерін, басқа да тіршілік көрі­ніс­терін фотосурет арқылы тарихта қал­дыр­ған Рысқали Дүйсенғалиев, Петр Редько, Бекмұханбет Тілекметов, Жүсіпбек Пайызов, Қайрат Мұстафин, Нұрғожа Жұ­ба­­нов, Сиез Бәсібеков, Сайлау Перне­баев, Дендербай Егізов, Алашыбай Есма­ған­бе­тов, Нұрманбет Қизатұлы, Рахымбай Ха­на­лы сынды 12 ардагер фото­ше­жі­ре­ші­лер­дің еңбектерінен құралған энцик­ло­пе­дия.
Фотоальбом қоғамдық бірлестіктің төр­ағасы Асылхан Әбдірайымұлының баста­масымен құрастырылып, ҚР Мәде­ниет және ақпарат министрлігінің мем­ле­кет­тік тапсырысы бойынша «Өнер» бас­па­сы­нан шығарылды.
Асылхан ӘБДІРАЙЫМҰЛЫ, белгілі фото­тілші, «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің төр­ағасы:   
– Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жур­налистика факультетінде студент­тер­ге «Фотожурналистика шеберлігі» пәнінен дәріс оқи жүріп, оқу құралының тапшылығынан қиналдым. Себебі 1962 жылы жарық көрген  Б.Тілекметов пен Ә.Жи­дебаевтың «Фотосурет түсіруді үйрен» атты оқулығы  бүгінгі талапқа жауап бере алмайды. Себебі уақыт та, фотоөнерге қойылатын талап та өзгерді. Осыдан бұрын ұйымдастырған «Шал­көде – елдің жайлауы» атты фото­тү­сі­рі­лім­де Қытайдан келген профессор Түсіп­бек Сләмқұлұлы шеберлік сабағын өткізген болатын. Біздің мақсат – қазақ фотоөнерінің көсегесін көгерту. Сон­дық­тан өңірдегі фототілшілермен тығыз қарым-қатынас орнатып, еліміздің фо­то­шежіресін жасауға, еліміздің ға­жайып табиғатын көрсетуге күш са­ла­мыз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста