Жамбыл облысы аумағында тарихи және мәдени ескерткіштерді күтіп сақтау, қорғау тиісінше жүзеге асуда. Оның ішінде «Ежелгі Тараз» қалашығында археологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстарына үлкен мән беріліп отыр. Биылғы жылдан бастап шахристан мен цитадельді зерттеуге күш жұмылдырылды. Ол бойынша үш қазынды және екі траншея салынды.
«Ежелгі Тараз» қалашығында жүргізілетін археологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілген аумақ 2550 шаршы метрді құрайды. Қазба тереңдігі 1-3,5 м. аралығында. Геосканермен жүргізілген зерттеулер 10600 шаршы метр аумақты құраса, жалпы жүргізілген қазба жұмыстары 4.800 текше метрді құраған. Бүгінге дейін төрт құрылыс қабаты анықталып, зерттеу жұмыстары жүргізілді. Қазба жұмыстары нәтижесінде 33 000 қыш құмыра бұйымдарының сынықтары табылып отыр. Олардың ішінде 107 данасы бүтіндей сақталған. 33 монета, 26 шыныдан жасалған және бес дана сүйектен жасалған археологиялық жәдігерлер табылып отыр. Сондай-ақ қазба жұмыстары кезінде оншақты сфераконустар да табылды. Осы жәдігерлер арқылы Х-ХІІ ғасырларға қатысты Қараханидтер кезеңінің керамикалық бұйымдарының бірегей топтамасы жинақталды. Бұл қазба жұмыстары барысында жергілікті 100 тұрғын жұмыспен қамтылды, археологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджеттен 100 миллион теңге қаражат бөлінген.
«Ежелгі Тараз» қалашығында қарқынды жұмыс
Последние статьи автора