Ежелгі мекендегі еңселі мешіт Алматы облысының Ақсу ауылында ашылды

Жай күндерді айтпағанда, Құрбан айт пен Ораза айт намазына қатар тұруға не­месе жұма намазын келіп оқуға мешіттің болмауы Ақсу өңіріндегі мұсылмандардың көңілінде тұрған кірбің еді. Дін ісіне мем­лекет араласпайтындықтан, мешіт салып беруге әкім мен депутаттардан еш қайран жоқ. Алыстағы ауылдың мешітсіз отырғаны Қазақстан мұсылмандары діни басқар­масын да абыржыта қоймаған. Тәуелсіздікке 20 жылдан асқан, көп ауылдар бір емес, бірнеше мешіт ашып алған тұста Ақ­судың қамын ойлайтын бір қайраткер ақы­ры табылды.
Аталары мен әкелерінің бойында мұ­сыл­мандық нанымның соншалық күштілігі кейінгі ұрпақтарына жұққан шығар, осы ауылдың тумасы Қажымхан Мәсімов Ақсу ауылында өз қаржысына мешіт сал­ған­ды жөн көрді. Баяғы Жалаңаяқ қажы­ның тіке­лей ұрпағы, Ақсудағы бала­лар үйінде тәрбиеленген Қасым Мәсімов­тің бел ба­ласы Қажекең бұған дейін өзі қызмет іс­теген Боралдай кентінде Алланың жердегі үйін салып берген. Сол 80-жыл­дар­дың соңы мен 90-жылдардың басын­дағы елең-алаңда әлгі мешіттің бар салмағын көтерді. Тура ашылатын күні келем деген басшылар мен әріптестер тегіс қашып кетіп, бүкіл жауапкершілік өзінің иығында қалған. Соған да қайыспады. Борал­дай мешіті осы кенттегі пиғылы күрделі, тірлігі күмәнді тұрғындардың ниеті дұрысталып, иман­дары оянуына болысқан. Сол кезде Қаже­кең басқарған кірпіш зауытының жұмыс­шылары сотта­лып, қара жұмысқа кесілген адамдар екен. Мешіт ашылып, жұрт оған келе бастаған соң, зауыттағы ұр­лық-қар­ық азайды. Арақ ішу де күрт тө­мендеді. Міне, осындай игі де ізгі тәжі­рибесі бар азамат арада 20 жылдан астам уақыт өткенде өз қаржысына Ақсу ауы­лында мешіт салуға бел байлады.
– Бұл менің осы ауылда өркен жайып, осы ауылда мәңгілік тыныс тапқан ата-анам мен ағамның алдындағы парызым еді, – деді мешітті ашу салтанатында сөй­леген сөзінде Қажымқан Қасымұлы. – Мынау туған ауылымыздың азып-тозуы осымен тоқтасын. Мешіт бар жерге береке мен бірлік келеді. Ақсудың тұрғындары алдағы уақытта шаруаларын дөңгелетіп, ел қатарлы жақсы тұрмыс кешсін деп ті­лей­мін.
Мешіттің ашылу салтанатында сөйле­ген Алматы облысы Ақсу ауданының әкімі Ә.Дүйсенбаев Тәуелсіздіктің 21 жылдығы қарсаңында бір ауданда екі мешіт ашыл­ғаны үлкен жақсылық деді. Иә, бір күн бұ­рын аудан орталығы Жансүгіров кентін­де келбеті жарасқан жаңа мешіт өз есігін діні бір қауымға айқара ашыпты.
Ақсу ауылында мешіт ашылғанын құт­тықтауға Астанадағы Ұлттық ғылыми-ме­ди­цина орталығы директорының орын­басары, профессор, Қазақстанның еңбек сі­ңірген қайраткері Әлихан Досаханов, белгілі қоғам қайраткері, «Мамания» мек­тебінің және Жетісу өңіріндегі тұлғалар та­рихының білгірі Жекен Қалиұлы, іргелес Алакөл ауданының қадірменді қариясы, Мәсімовтер әулетінің құдасы Қияқбай Ниязов, Ақсу аудандық ақсақалдар алқа­сы­ның төрағасы Кеңесбек Байдалин және басқа да қайраткерлер, ғалымдар мен қария­лар арнайы жиналды. Белгілі ақын Тұрсын­зада Есімжанов осы мешіттің ашы­луына орай досы Қажымхан Мәсімов­ке өлең ар­напты, оны ақынның қызы көп­ші­лік алдын­да мәнерлеп оқып берді.  
Ауылдықтар мешіттің өте жылдам және сапалы салынғанын мақтан етеді. Іргетасы тамыз айында құйылған құрылыс тоқтау­сыз жүргізілді. Оның сыртқы қабырғалары қаланған берік те сәнді қызыл кірпіш сонау Башқұртстаннан әкелінген. Мешіттің ішкі әрлеу жұмыстарына жұмсалған құрылыс материалдары Украинадан алынды. Еден­нен төбедегі үлкен күмбезге дейінгі ара­лықтағы құрылысты бұл іске машықтанған, он саусағынан өнер тамған өзбекстан­дық айтулы шеберлер салып шықты. Онда на­мазға тұратын үлкен зал, оған іргелес әйелдерге арналған зал, арнайы құран ба­ғыштайтын бөлме, имамның жұмыс ка­бинеті бар.
Алғашқы тартулар мешіт ашылған сәт­тен бастап келе бастады. Бірқатар ауыл адамдары мұнда кілем көтеріп келді. Қа­жым­хан Мәсімовтің өзі түрлі елдерден, бір­неше қалалардан тілектес, ниеттес азаматтар берген тартуларды көп алдында мешітке ұсынды. Сол сияқты аталар баяны мен Ақсуға деген ықыласы қоса өрілген, әлі сиясы кеппеген «Аманат» кітабын да осы мешіт пен жергілікті мектепке ықылас­пен ұсынды.
Салтанатты ашылу сәтінен кейін көп­шілік жаңа мешіттегі бірінші намазға бас қойды. Жаңа мешіттің имамы намаз тәр­тібін түсіндірген соң, қатар түзеген ауыл адам­дары Алладан Ақсу жеріне, бүкіл Қазақстанға жақсылық тілеп, жаңа мешіт­тегі алғашқы парыздарын атқарды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста