«Еуразия» қазақша оқулықтар шығаруды қолға алды

«Еуразия» қазақша оқулықтар шығаруды қолға алды

Қазақ тіліндегі оқулықтарды шығару мәселесі – әлі күнге дейін отандық білім беру саласының өзекті проблемаларының бірі. Бүгінгі таңда еліміздің жоғары оқу орындарында қазақ бөлімінде оқып жатқан студент-жастардың саны 48 пайыз болса, олардың қазақ тіліндегі оқулықтармен қамтылу деңгейі тек 23 пайызды ғана құрап отыр. Мамандардың айтуынша, жоғары білім саласында мемлекеттік тілдегі оқулықтардың жетіспеушілігі салдарынан білім қуған қазақ жастары орыстілді бөлімдерге жиі түседі.

Өткен жылдан бері еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының бірі – Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті оқулық мәселесін өз күшімен шеше бастады. Ректор Бақытжан Әбдірайымның бастамасымен, арнайы үшжылдық бағдарлама қабылданып, университет жанындағы баспаханадан мемлекеттік тілдегі оқулықтарды шығару жұмысы қолға алынды және арнайы комиссия құрылды. Университеттің профессор-ғалымдары кіретін бұл комиссия бүгінгі білім беру үрдісіне қажетті оқулықтарды таңдап, баспаға жіберіп отырады. 2009-2010 оқу жылының өзінде Еуразия ұлттық университетінің баспаханасынан қазақ тілінде 20-ға жуық оқулық жарық көрді. Жоспар бойынша, 2010 жылдың аяғына дейін Еуразия ұлттық университетінің баспасынан қазақ тілінде тағы 20 оқулық шығарылады. Бұл жұмыс мемлекеттік тапсырыстан бөлек, университеттің жеке қаржысы есебінен атқарылуда.

Еуразия ұлттық университетінің Оқу-әдістемелік жұмыс және стратегиялық даму жөніндегі проректоры Дихан Қамзабекұлының айтуынша, бүгінгі таңда мемлекеттік тілде оқулықтарды шығару Еуразия ұлттық университетінің негізгі мақсатына айналып отыр. Себебі Тәуелсіздік алғалы бері еліміздегі арнайы және жоғары оқу орындарында қазақ бөлімінде білім алып жатқан жастарды сапалы оқулықтармен қамту өзекті мәселелердің бірі болып саналады. «Қазіргі статистика көрсетіп отырғандай, қазақ бөлімдерінде оқитын жастарды мемлекеттік тілдегі оқулықтармен қамту деңгейі 20 пайыздан сәл-ақ асып отыр. Сондықтан бұл бағытта кешенді жобалар қажет. Бүгінгі таңда республика бойынша 170-тен астам оқу орны бар. Егер әрбір университет кемінде 20 оқулық шығарса, жоғары білім саласы үшін бұл үлкен жеңіс болар еді», – дейді Д.Қамзабекұлы. Университет проректоры атап көрсеткендей, Еуразия ұлттық университетінің қазақ тіліндегі оқулықтарды шығару саласындағы бастамашыл ісі жалғаса береді. Алдағы күз айларында жарыққа шығатын 20 оқулық бойынша бүгінде редакциялық сараптау жұмысы жүргізілуде. «Бұл оқулықтар түрлі бағыттарды қамтиды. Әсіресе, жаратылыстану-техника саласында осы уақытқа дейін жарық көрмеген оқулықтарды шығару жұмысына негізгі басымдық беріліп отыр. Болашақта бұл бастамаға мемлекеттік тапсырыс болып жатса, оқулықтардың таралымын ұлғайтуға мүмкіндік болады. Қазірдің өзінде басқа жоғары оқу орындары тарапынан тапсырыстар түсіп жатыр. Бұл Еуразия ұлттық университетті шығарып отырған оқулықтарға деген сұраныстың бар екендігін көрсетеді», – дейді проректор Д.Қамзабекұлы.

Университет ректоры Бақытжан Әбдірайым мемлекеттік тілдегі оқулықтардың жетіспеушілігі мектепті бітірген түлектер санының жыл өткен сайын артып жатқандығына да байланысты деп есептейді. Сондықтан да университет алдағы уақытта осы оқулықтардың сапасын көтеру мақсатында арнайы байқау ұйымдастырып, ең үздік оқулық пен авторды анықтамақшы. Аталған бастама өз кезегінде қазақстандық ғалымдардың ғылыми еңбектерін кеңінен насихаттауға жол ашып қана қоймай, еліміздің білім мен ғылым саласына қосқан үлкен үлес болмақ.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста