Ес-ағаң екі темір тұлпар мінді

Ес-ағаң екі темір тұлпар мінді

Қазақтың мемлекеттік Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрында Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының көркемдік жетекшісі және директоры Есмұхан Обаевтың 70 жасқа толуына арналған мерейтойлық кеш болып өтті.
Мерейтойлық кешке өнер, әдебиет, мәдениет, театр саласының қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, көрнекті режис­сер­дің өмірдегі және өнердегі достары қа­тыс­ты. Талантты режиссердің тойына Ас­та­надан арнайы ат терлетіп келген еліміздің мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед өз атынан және министрліктің атынан ме­рей­той иесін құттықтап, иығына шапан жауып, Елбасының құттықтауын оқып берді. Құттықтауда:
«Құрметті Есмұхан Несіпбайұлы! Сізді 70 жасқа толған мерейтойыңызбен құт­тық­таймын! Бұл айтулы белесіңізді қазақ мәдениетінің көрнекті қайраткері, ұлттық театрдың шебері, ұлағатты ұстаз ретінде қарсы алып отырсыз. Сіздің өмір жолыңыз қазақ сахна өнерінің өркен жаюымен, ру­хани құндылықтарымыздың түлеп-түр­ле­нуімен тығыз байланысты. Кемеліңізге ке­ліп, шығармашылық әлеуетіңіз толысқан шақ­та қазақ сахна өнерінің қара шаңырағы М.Әуезов атындағы академиялық драма теа­трында жетекшілік жасап, оның шы­ғармашылық көркемдік қуатының одан әрі шыңдалып, нығая түсуіне елеулі еңбек сі­ңір­діңіз. Театр сахнасында әлемдік және қазақ ұлттық классикасының үздік үлгі­ле­рін, жүзден астам қойылымды көрерменге ұсын­дыңыз. Мерейтой сәтінде өзіңізге мықты денсаулық, отбасыңызға береке, шы­ғармашылық табыстар тілеймін», – делінген.
Ал Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовтың құттықтауын қала әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов жеткізіп, қала басшысының сыйлығы – темір тұл­пар­дың кілтін табыс етіп, Ес-ағаңның иы­ғы­на шапан жапты.
Мерейлі кеш барысындағы екінші темір тұлпарды мерейтой иесіне өзінің туған жері Алматы облысы әкімдігі мінгізді. Об­лыс әкімі Аңсар Мұсахановтың құттықтауы мен сыйлығын аппараттың өкілі Ардақ Са­дық жеткізді. Ол сонымен қатар Есмұхан Обаевқа облыстың ең үлкен сыйлығы бо­лып табылатын – «Алматы облысының құр­метті азаматы» атағы берілгендігін жа­рия етіп, әкімнің атынан арнайы медальді та­быс етті.
Сонымен қатар өнер қайраткерін Нұр­лан Оразалин, Тұрарбек Асанов, Мұрат Ах­мадиев, Арыстанбек Мұхамедиұлы сын­ды әріптес, замандастары құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.
Салтанатты жиын барысында Есмұхан Обаевтың режиссер, мәдениет қайраткері ре­тінде атқарған жұмыстарына баға бе­ріліп, шығармашылық өміріне шолу жа­са­лып, Қазақстан өнері мен мәдениетіне, театр саласына сіңірген еңбегі атап өтілді. Кеш мерейтой иесі басқаратын Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма теат­ры ұжымының сахна тарланына ар­найы дайындаған қойылыммен аяқ­тал­ды.
Тағы бір айта кетерлігі, мерейтой қар­саңында «Әйгілі адамдар» сериясымен «Режиссер Есмұхан Обаев» деп аталатын жаңа кітап пен суретті жинақ жарық көрген болатын. Бұл басылымдар көрнекті театр режиссері, өнер және мәдениет қайраткері, ҚР халық әртісі, профессор Есмұхан Обаев­тың өнері мен өмір жолынан сыр шертеді. Кітаптарда ұлттық театр режиссурасының көшін бастаған режиссер, Тәуелсіз Қазақ­стан өнері мен мәдениетінің салиқалы өнер саясатының жүзеге асуына көп еңбек сіңірген қайраткердің жастық шағынан бастап толысқан шығармашыл тұлға дәре­же­сіне көтерілген бүгінгі күнге дейінгі өмір-өнер кезеңдері кеңінен қамтылған. Аталған екі кітап та мерейтой сәтінде тұсауы кесіліп, өз оқырманына жол тартты.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста