Ертегіге айналған ертегі кітап

Ертегіге айналған ертегі кітап

Ерте, ерте, ертеде... балалар ертегі оқушы еді. Бүгінгі балалардың басым дені ертегі оқымақ түгіл, тыңдамайды да. Өйткені баяғыдай ертегі кітаптар жоқ, бары бүгінгінің бүлдіршіндерін қызықтырмайды. Сірә, бұл тұста баласына ертек оқып бермейтін ата-ананың да кінәсі бар шығар.
Бірақ бүгінгі жас аналар мен әкелердің өздері де қазақтың небір қызыққа толы танымдық ертегілерін біле бермейді. Өзі білмегесін, әрине, оған да бала-шағасы мазасын алмай, компьютерлік ойындар мен «көк жәшіктегі» шетелдік мультиктерге ұйығаны ты­ны­шырақ көрінер. Екінші жағынан, қазір дүкендерде түр­лі-түсті суреттермен басылып шыққан ертегі кітаптар да жетіп-артылады. Тіпті көп, бірақ сапасы жоқ. Қолға алып оқысаңыз, бала тұрмақ, өзіңіз әзер түсінетіндері де кездеседі. Әуелі аударма ертегілерді былай қойып, өзі­міздің кейбір халық ертегілерінің өзінде сөйлемдер ора­шолақ аяқталып, түсініксіз қысқарып кететіні бар. Сөз басында айтқан «баяғыдай ертегі кітаптар жоқ» де­уіміздің сыры – осы.
 Қалай айтсақ та, дәл бүгін үйдегі кішкентайларымыз – ертеңгі елдің болашақтарын ұлттық тәрбиенің қайна­рынан сусындатуы тиіс балалар әдебиетінің ертегі әлеміне қатысты есемізді жіберіп жатқанымыз анық. Әйтеуір, бір қуанарлығы, еліміздің Мәдениет ми­нистр­лігі осы олқылықтың орнын толтыруға кірісіпті. Со­ның бір мысалы – министрліктің тапсырысымен «Отан­дас жастар одағы» қоғамдық бірлестігі таяуда ғана «Ерте, ерте, ертеде...» деп аталатын қазақ ер­те­гілерінің ау­диокітабын құрастырып шығыпты. Қазақ ертегілерінің ды­быстап оқылған жинағы жазылған осы CD дискіні ке­ше Астанада «Отандас жастар одағы» қоғамдық бір­лес­тігінің төрағасы Қасымхан Көкбасұлы таныстырды. Алып қарасақ, тәп-тәуір дүние жасалған тә­різді. Жалпы ұзақтығы 2 сағат 30 минут болатын бұл дискіге көлемі шағын, 2-3 минутта оқылып бітетін, жан-жануарлар мен хайуанаттар туралы қысқа ер­те­гілер іріктеліп алы­ныпты. «Кім күштіден» бастап, «Көк кеп­тердің бала­пан­дарына» дейін ұзын саны 40 шақты ер­тегінің негізгі мә­тінін ҚР Мәдениет қайраткері, бел­гілі диктор Аман­жан Еңсебайұлы, жан-жануар­лардың қо­сымша диа­лог­терін жас әртістер Әлима Қайырбекова мен Жәнібек Жа­қып­ов нақышына келтіріп оқиды. Әр сөзі анық, мәнерлі, әсерлі шыққан. Қысқасы, өзі ертегі білмейтін немесе мәнерлеп оқып беруге уақыты тапшы бүгіннің жас ата-аналары үшін таптырмайтын аудио-кітап. Тек өкін­іштісі, бұл аудиокітап 3000 данамен ғана шығып­ты. Оның өзі саудаға шығарылмайды, тек республи­ка­ның балабақша­ла­рына ғана тегін тара­ты­лады. Мұ­ның себебін Қасымхан Көк­басұлы аудиокі­тап­тар министрліктің тапсырысымен мемлекеттің қар­жы­сына шы­ғарылғандығымен түсін­дір­ді. Яғни жоба ком­мер­ция­­лық мақсатты көздемейді.
Қасымхан КӨКБАСҰЛЫ, «Отандас жастар одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы:
– Бұл – 3 пен 8 жас аралығындағы ба­лаларға арналған хайуанаттар ту­ра­лы ертегілердің аудиокітабы. Жа­сы­ратыны жоқ, бүгінгі көптеген ата-ана ер­тегі білмейді. Білгендерінің өзі мына за­манда ертегі айтып беруге уақытын тапшы көретін сияқты. Аудиокітап осы жағынан ыңғайлы. Ондағы ертегілерді «Отандас жастар одағы» қоғамдық бір­лестігінің жанындағы бала пси­хо­лог­тері мен педагогтері іріктеп алды. Енді алдағы уақытта жұртшылық та­ра­пынан сұраныс болып, Мәдениет ми­нистрлігі қолдау білдіріп жатса, ересек балаларға арналған ертегілердің де аудиокітабын жасау ойымызда бар.
Тақырыпқа орай туған ойтүрткі
Қазақ ертегілері – қазақ баласының ұлт­тық болмысын қалыптастырып, дүние­та­нымын ашатын алғашқы білімнің қайнар бұлағы. Өйткені халқымыздың ертегілері баланы ізгілікке, бауырмалдыққа тәр­бие­леп, елін-жерін сүюге үндейді, әділдік пен төзімділікке, батырлыққа баулиды. Ал мұн­дай тәрбие мынадай алмағайып за­ман­да, әсіресе жастардың бойында ездік пен қатыгездік дендеп бара жатқан уа­қыт­та аса қажеттігін бүгінгі «қылмыс хро­никасы» күн сайын емес, сәт сайын көр­се­туде. Америкада, Еуропаның өркениетті ел­дерінде кейбір азаматтардың ба­лабақ­ша­лар мен мектептерге шабуыл жасап, бей­күнә жандарды қатыгездікпен қырып са­луы, рухани күйзелістерге ұшырауы із­гілікке толы ертегілерді бойына жаста­йы­нан сіңіре алмай, оның орнына қаты­гез­дік­ке етін үйрететін атыс-шабысты мульт­фильм­дер мен киноларды, компьютерлік ойын­дарды көп көруінен болып жатқанын пси­хологтер де айтып жүр. Ендеше, елі­мізде жасөспірімдер арасында өзіне қол жұмсау оқиғалары да соңғы кездері тым жиілеп кетуінің арғы себептері осында, яғ­ни ұлттық тәрбиенің ең тиімді құрал­да­рынан – ізгілік тамырынан ажырап қалуда жат­қан жоқ па екен?

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста