Ертегі еріккеннің ермегі емес

Балалық шақты еске алғанда көпшілігіміздің есімізге, ең алдымен, үлкендердің ұйықтатар алдында айтатын ертегілері мен солардың әсерінен ойымызда туындайтын небір қиял-ғажайып бейнелер түсетіні анық. Өмірдің қарапайым  даналығы негіз болған таңғажайып шежірелер арқылы талай буын айналасын таныды, адамдар қарым-қатынасының қыр-сырына қанықты, қиындықтарды жеңіп, жақсылық пен әділеттің жеңетініне сене білуге үйренді...

Рас, қазіргі ата-аналардың ішінде балаларына ертегі айтып беретіні некен-саяқ. Себеп – сол баяғы жұмысбастылық, немқұрайдылық. Осы тұрғыдан алғанда, «Шалқар» радиосынан берілетін кешкі ертегінің маңызы зор. Әуе толқынына күн сайын құлақ түріп әдеттенген бүлдіршіндер оны жіберіп алмауға тырысады және әртістердің мәнерлі мақаммен оқитын әсерлі әңгімелерін қызығып тыңдайды да. Алайда, өкінішке қарай, кейбір ертегілер балалардың жасына, ұғымына сай келмей де жатады. Мысалы, осыдан біраз уақыт бұрын «Пырақ» деген ертегіні құлағым шалып қалды. Қысқаша ұзын-ырғасы: әлдебір патша бір перзентке зар болып жүргенде ғайыптан тайып ұлды болып, бүлдіршіннің атын Пырақ қояды. Пырақ аман-есен өсіп, ержете бастаған шақта әкесі оның құрметіне ұлан-асыр той жасайды. Мәртебелі қонақтардың бірі балаға сиқырлы ағаш ат сыйлайды. Ел тойға айналғанда бала далаға шығып, әлгі ағаш атқа отырады да, құлағын бұрап жібереді. Сол сол-ақ екен, ат аспанға ұшады да кетеді. Тойға жиналған қауым у-шу болып, баланың әке-шешесі қан жұтып қала береді. Бала сол ұшқаннан ұшып отырып, атымен бір елге келіп қонады. Бейтаныс жер, беймәлім адамдар. Пырақ сол ортаға сіңіп, әйтеуір күнелтіп жатады. Күндердің күнінде бір жігітпен танысады. Сөйтіп, ол жігіт Пыраққа сырын айтып, осы ел патшасының қызына ғашық екенін білдіреді. Бірақ неге екенін, қызды көрген бойда Пырақ та ұнатып қалады. Сөйтіп, түнде жасырынып барып, ханшаның бетінен сүйіп кетіп жүреді. Түнгі жортуылшының кім екенін қалайда анықтамақ болған патша нөкерлері табалдырықты, керегені бояп қояды. Қулығын асырған Пырақ былғанған киімін дереу шешіп, бір диуанаға кигізіп жібереді. Ертеңіне киіміне бояу жағылған адамды іздеген нөкерлер әлгі диуананы тауып алады да, дарға асып өлтіреді. «Жортуылшыдан енді құтылдық» деп алаңсыз отырған күзетке сезік тудырмастан қыздың бөлмесіне енген Пырақ ханшамен танысып, ақырында бір-бірін ұнатып қалады. Содан қыз әкесінің қазынасынан алтын-күмісті көтере алғанша алады да, жігітпен бірге ағаш атқа мінгесіп, басқа жаққа қашып кетеді...

Қойшы, қысқасы, ертегі осылай жалғаса береді. Әйтеуір қаптаған қулық-сұмдық, алдау-арбау... Осы орайда, Пырақтың өзіне сеніп сырын ашқан адамның сүйген қызын тартып алғандай болуы, бейкүнә диуананы бекерден-бекер дарға асқызып жіберуі балалар үлгі алатындай қылық па? Немесе қыздың өз әкесін өзі тонап, «ұнаттым екен» деп, көлденең көк аттымен ілесіп кете беруі... Бәлкім, тыңдаушыларға «өмірде осындай да жағдайлар болады» дегендей ой түйгізу мақсаты да бар шығар. Дегенмен біз білетін ертегілердің басты кейіпкері, әдетте, жағымды бейнеде болмаушы ма еді? Сөйтіп, ол керісінше, басқа жағымсыз образдармен күресетін, түптің-түбінде бәрінен ақылы да, айласы да озық шығып, жеңіске жететін. Осы тұрғыдан алғанда, амал-айласын, тапқырлығын кері мақсатта пайдаланатын, жеке басының пайдасы үшін өзгеге жамандық жасаудан тайынбайтын  Пырақ сияқты кейіпкерлер бала санасына қалай әсер етуі мүмкін?.. Дегенде, «ертегі екен» деп, балауса тыңдармандарға кез келген нәрсені тықпалай беруге болмайды. Сондай-ақ, кейбір ертегілердің тілі тым әдеби болып келеді. Яғни балалар бір естігенде түсінбейтін күрделі орамдар, тұрақты сөз тіркестері жиі ұшырасады. Кейбір ертегілерден тіпті: «Жігіт қызға: «Мен сені аламын» депті, қыз: «тиемін» депті, болмаса, «байы не істесе де, қатыны оның кез келген ісін құп көріп, бетіне келмейді екен» деген тәріздес құлаққа түрпідей тиетін, дөрекі сөздерді естуге тура келеді. Осының бәрі баланы әдептіліктен алыстатып, тұрпайылыққа итермелейді.
Шын негізінде, ертегі – бала жанын ізгілікке баулитын, сәби санасына сұлу естеліктер сыйлайтын ең мөлдір әлем. Өмір қаншалықты күрделі болса, ертегілер де соншалықты әр алуан. Ал соны балалардың әрқайсысының өз жасына, қызығушылығына байланысты іріктеп бере білу де – үлкен өнер. Өмірді ертегіге жақындатуға тырысу әрекеті адам болмысына ертеден тән. Үлкен-кіші демей, жұрттың бәрінің Жаңа жыл салтанатын асыға күтетіні, тура сол мезетте әлдебір таңғажайып нәрсеге тап болатындай сезімге бөленуі жайдан-жай емес. Қай кезде де адамзат баласының табиғаты жақсылықтан үмітті. Сәбилерімізге өмірлік күш беретін де – сайып келгенде, олардың ертегілерге, қиял- ғажайыпқа деген шексіз сенімі. Оларды сол сенімдерінен, сол армандарынан айырып алмайықшы...   

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста