Ернар Айдар 1,5 жасар бүлдіршіннің еміне қомақты қаржы аударды. Таразда ән кешін өткізген әнші сол күні тапқан қаржысын Айсезім Еркіннің ата-анасына жеке өзі табыстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Алла шипасын берсін. Жаным Айсезім, сен жазылып кетесің, Алла қаласа.
Еміне ауқымды қаражат кететін болғандықтан, әліде ақша жиналып жатыр, көмектесемін десеңіздер, осы парақшада @aisezim_sma_taraz барлық мәлімет!
Айналайын халқым баршаңызға Алла разы болсын. Мен сіздерге ризамын", - деп жазба қалдырды Ернар желідегі парақшасында.
Сонымен қатар, әнші концерт кезінде өзінің репертуарындағы "Күнім, сен сөнбеші" әнін Айсезімге арнады. Кеш аяқталған соң, тапқан гонорарын бүлдіршіннің ата-анасына өзі табыстады.
1,5 жасар тараздық Айсезім Еркінге арқа бұлшықет атрофиясы диагнозы қойылған. Оған құны 1 миллиард теңге тұратын әлемдегі ең қымбат Zolgensma препараты қажет. Әзірге сәбидің ата-анасы 473 миллион теңгеден аса қаражат жинап үлгерген.
Stan.kz