Ерлігі елге мұра болған Қапай батыр

Ер есімі – ел есінде. Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында Отанын қорғауда ержүректік танытқан Кеңес Одағының Батыры Қапай Ысқақовтың құрметіне орай ескерткіш тақта бой көтерді.
Салтанатты шараға Қапай батыр атын­да­ғы мектеп ұжымы мен оқушылар қатыс­ты. Мерейлі рәсімді ашу құрметі аудан басшысы Т. Қасымжанов пен еңбегі сіңген құрылысшы С.Х.Шәріповке берілді. Сөз алған ел ағалары сұрапыл соғыста кеудесін оқ пен отқа тосқан майдангерлерді ұмыту мүмкін еместігін баса айтты. «Мұн­дай ес­керт­кіш тақтаның бой көтеруінде де үлкен мән бар. Ерлікпен қаза болған Кеңес Одағының Ба­ты­рының атан кейінгі ұрпақ әркез жадында сақтап жүруіне осындай игі бас­тама үлкен септігін тигізері сөзсіз», – де­ді.
Жармадан сұрапыл соғысқа аттанған 12 523 жауынгер­дің ішінде батыр атағына ие болған тоғыз ердің ішінде болған Қапай Ысқақовтың ерен ерлігін жерлестері ешқа­шан ұмытпақ емес.
Дүние отқа оранып, оқ ауада зулаған қанды майданда сегіз рет ауыр, сегіз рет жеңіл жараланған ол 1418 күн мен түнге созылған соғыста қайталанбас ерлігімен танылған еді.
Облыс орталығы Өскеменге қарай ба­ғыт­талған жолдың бойынан іргесі қаланған әсем ескерткіш батыр Қапай Ысқақовтың отансүйгіштігі мен ерлігінің өшпес белгісі болып қала бермек. Салта­натты шара кезінде ескерткішке гүл шоқта­ры қойылып, шашу шашылды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста