Соңғы уақыттары сахнадан көрінбей кеткен өнер иесі анасының қазасынан кейін әкесінің жағдайын ойлап туған жері Шымкентке көшіп кеткенін айтты.
анымал әнші Еркін Нұржановтың анасына деген сағынышын жасыра алмады. Бұл туралы ол «Қарақатпен шай» бағдарламасында айтты.
Соңғы уақыттары сахнадан көрінбей кеткен өнер иесі анасының қазасынан кейін әкесінің жағдайын ойлап туған жері Шымкентке көшіп кеткенін айтты.
«Анаммен ренжіскен немесе көңілін қалдырған кездер жоқ шығар деп үміттенемін. Болған күнде де, ана емес пе?! Кешірген шығар деген үміттемін. Жалпы анаммен өте қатты жақын сырласатынмын. Қас-қабағыма қарайтын. Үйге келген сайын міндетті түрде маңдайымнан сүйіп қарсы алатын», – дейді әнші.