Жақында, 22 сәуір күні қазақтың әнші ұлдарының бірі Еркін Нұржановтың ән кеші өтті. Еркін өзінің ән кешін «Ана қадірі» деп атапты. Еркіннің жеке концертіне қатысқан қазақ эстрадасының жұлдыздары, көрермендер әлеуметтік желілерге кеш туралы пікірлерін жазып, суреттерімен бөлісуде. «Алаш айнасы» Еркіннің халық көңілінен шыққан әндерін назарларыңызға ұсынып отыр.
Сайдың тасындай «Жігіттер» тобынан бөлініп шыққан Еркін жеке әнші ретінде көрерменнің көңілінен шықты. Сөзі мағыналы, әуезді әндерді орындайтын әншінің көрермені көп екені кешке жиналған халықтың қарасынан-ақ белгілі. Еркіннің әндерін көрермен сағынып қалыпты. Алғаш рет Алматы қаласында жеке концертін халыққа тарту еткен әншінің әдемі ән кешіне Жәнел Нұржанова, Бағлан Әбдірайымов, Қайрат Нұртас, Төреғали Төреәлі және Нұржан Төлендиев сынды өнер иелері қатысты.
Еркін Нұржанов өзінің ән кешінде өнердегі достары Қайрат Нұртаспен, Төреғали Төрәлімен, Бағлан Әбдраимовпен дуэт орындады. Өзінің репертуарындағы әндермен қоса ән кешінде жаңа әндердің тұсауы кесілді. Еркін халықтың жаныда сақталған ескі әндерді де жаңғыртты. Ән кешінде Еркін орындаған әндерді тыңдай отырыңыздар.