Әдетте ашық, жеңіл киінетін әнші Ерке Есмахан желі қолданушыларын хиджаб киіп таңғалдырды.
Күні кеше әнші ұлымен бірге Мысыр еліне саяхатқа аттанған болатын. Мысырдағы демалысын «әл-Сахаба» мешітінен бастауды жөн көріпті. «Өте әдемі “Әл-Саxаба” мешітіне барып қайттық. Аллаға мың шүкір!» – деп жазған желіге.
Әншінің өзі де, кішкентай ұлы Мүсілім де демалысқа дән риза.