Әлеуметтік желідегі әрбір қадамы бірден қазнеттің қызу талқысына түсетін Ерке Есмахан тағы да желіні шулатып жатыр. Ол бұл жолы концертке келген көрерменге дөрекі сөйлеп, ерсі қылық танытқан, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.
Бүкіл ғаламтор қолданушыларының наразылығын тудырған бейнежазбаға көз жүгіртсек, Ерке Есмахан сахнада тыңдармандарымен сөз таластырып, тіпті халыққа дауыс көтеріп, қатты айғайлағанын аңғаруға болады.
Қазір көйлегіңді шешіп бер дейтін шығарсың? Одан кейін тфулиіңді деп... Болмай ма? — деп ашуланып сөйледі Ерке Есмахан.
Дүйім жұрттың алдында оғаш қылық танытқан әншінің әрекеті көпшілікке жақпай қалса керек, олар түрлі кереғар пікір жазып жатыр.
"Ішіп алған ғой, тәлпіш неме... Көйлегіңді шеш те, жүр лағып", "Ерсі қылық көзге қатты көрінеді ғой. Мәдениет қайда, қыздар?", "Бетің ашылып, біткен екенсің. Міне, байсыз жүргеннің кері әсері. Санасыз", "Осындай сахна мәдениетінен жұрдай ақымақ әншілерді аластау керек. Халықпен айтысып тұруға шықпай, сахнада әнін салсын да кетсін", — деп ашуланды желідегі жұрт.