"Ерімнің бұйрығын орындадым": Жорабаеваның күйеуі дезинфекция жайлы жазбаны өшіруді талап еткен

Алтынай Жорабаева мектептегі дезинфекцияға қатысты жазбасын не себепті өшіргенін түсіндірді. Әнші күйеуінің бұйрығын орындағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz.

Бірер күн бұрын Жорабаева мектепте түн ішінде жүрген адамның суретін жариялап, оның дезинфекция жасағанына күмән келтірген еді. Алайда әнші көп ұзамай жазбасын өшіріп тастады. 

 
"Мен биліктен емес, тек бір Алладан қорқамын. Әйел үшін, Алладан кейін ер азаматы тұрады (әрине, ол үшін ер азаматы әйел затын сыйлайтын, жүрегінде иманы болса). 
Кешегі постты салған соң, Алишер маған: “Неге осы әншілерден жалғыз өзің осындай посттар саласың? Билік бәрібір өзінікін жасайды! Соңында “провокатор” болып қаласың! Түсінемін, жаның ауырып отыр. Бірақ билікпен нағыз мамандардың өзі күресіп жүрсе де, оларды елемей отыр. Өшір постты!” деген соң, ашуланып тұрсам да, ерімнің бұйрығын орындадым", - деп жазды Жорабаева Instagram-дағы парақшасында.

Өнер иесінің бұл жазбасы желіде кең тарап кеткен. Пабликтер жарыса жариялап, тіпті WhatsApp желісі арқылы тараған. 

"Тағы бір “білімді інішек” менің әр жазған сөзіме тоқталыпты. Сол жерде мені белгілеп жатқан соң оқып шықтым.

Түсінемін , дезинфекция екен! Балалар оқитын мекемені дезинфекциялап жүрген адам, неге өзі тұмшаланып алған? Яғни зиян! Ал балалар үшін ше? Жарайды, “проветрить” етіпті-мыс. Онда оның пайдасы қанша?


Қараңғы емес, көгереңдеп күн батқан сәт екен! Қазір күннің өзі 20:30-дан ары қарай батады. Неге мектеп басталғанда жасалып отыр? Мектепке дейін 1-2 күн бұрын, Құдайдың күндізінде жасаса болмай ма? 

Естеріңізде болсын! Қазіргі үйде пайдаланып жүрген дезинфекция жасайтын заттардың өзі ағзаға зиян! Себебі, рак, аллергия ауруларын тудырады! Иммунитет түсіреді!

Негізі қазір көптеген органикалық үй тазалайтын, дезинфекция жасайтын сұйықтықтар көп. Ол үй тазалайтын сұйықтықтармен тіпті, ауыз қуысын, ашық жараларды, тазалап отырмыз. Тазалағыш болса,
мектептерге, яғни болашағымызды дайындайтын мекемелерде неге органикалық сұйықтықтармен дезинфекция жасамайды? (атын айтып, түсін түстемейін. Жарнама жасап отыр деп түсінетіндер де жетіп асады)
Міне, осындай “білімдісымақ, ақылсымақ адамдар” ортаға түсіп, соңында жабулы қазан жабулы болады!

Мен ана ретінде жұмбаққа жауап іздеген едім! Ал мұндай, тіпті медицинаға қатысы жоқ өсекпен айналысқан еркексымақтар “әдемі жауап бердім” деп мәз екен" - деді әнші.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста