Өскемендегі орталық қалалық кітапхана осындай тың бастаманы қолға алып отыр. Бүгінге дейін көптеген ақын-жазушылардың өз шығармасын оқыған дауыстары сақталмағаны рас.
Жақында аталған кітапханада өңірдегі 10 ақын-жазушының өз дауысымен жазылған аудиокітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Бұл аудиокітап қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген екен. «Жазушы дауысы» атты жазылымның тұсаукесер салтанатына авторлар мен жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.
Бикамал МҰҚИМАНОВА, Өскемендегі орталық қалалық кітапхананың бөлім меңгерушісі:
– Шығарма авторларының кейбір кездесулерге бара алмай қалатын кездері де болады. Ал балалар болса өздері белгілі бір шығармасын оқып жүрген автордың дауысын естігісі келеді. Біздің бұл аудиокітаптарымыз сондай кездерде таптырмас құрал болмақ.
Оның айтуынша, бұл тек ақын-жазушылардың алтын дауысын болашаққа жеткізу ғана емес, бүгінгі оқушылар мен оқытушыларға да өте тиімді көрінеді. Айта кетейік, кітапхана қызметкерлері бұл игілікті істі әрі қарай жалғастыруды жоспарлап отыр.
Енді жазушылардың кітаптарын ғана оқымаймыз, дауыстарын да тыңдаймыз
Последние статьи автора