Белгілі әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева сүйіктісін көрсетті. Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Иманбаева белгісіз ер азаматпен түскен суретін "Енді жасыра алмаймын, бұл менің өмірім" - деген жазбамен инстаграм желісіндегі парақшасына шығарды.Ал Иманбаеваның оқырмандары бірден шулай жөнелді.
"Айгүл ханым сіздің басыңыз екеу болып бақытты болғаныңызды шын жүректен тілеймін", "Баяғыда шығып алмайсың ба? Жұмбақтамай", "Вот интриганка.Шықсайшы енді тұрмысқа.Жап -жассың əлі бар өмірің мен қызығың алда.Бақытты болуға лайықтысың", "Ани Лорак сияқты я видела сон деп жүрмеңіз" - деп оқырмандар өз пікірлерін білдірді.