Елордалық «Астана» және «Астана плюс» басылымдарының жаңа сандары жарық көрді. Еліміздегі бас қаланың тыныс тіршілігі мен елдік мұраттар мен тың идеяларды арқау еткен қос журналдың кезекті саны, негізінен, алдағы 1 желтоқсанда атап өтілмек Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне арналған.
«Астана», №5
Журнал жанындағы «А-клуб» қоғамдастығына жаңадан жеті адам мүше болды. Журналдың қазақша нұсқасынан «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалы төрағасының орынбасары Қайрат Жаңабергенов; Оқушылар сарайының директоры, суретші Ұмсын Арқабаева; бизнесмен, «Төбет – қазақы ит» қорының төрағасы Данияр Дәукейдің сұхбаттарын оқи аласыздар. «Боямасыз болмыс» блогында журналист Әділбек Жапақ әке кәсібіне мұрагерлік етіп, еңбеккерлер табын түзудің қалып бара жатқандығын («Қамшыұстар»), журналист Раушан Төленқызы опера әншісі Майра Мұхаметқызы мен қарапайым кәсіпкер Гүлнәр Патполлақызының бала күннен үзілмей келе жатқан достығын («Жан құрбы») өзекті әңгіме арқауы еткен.
«Астана плюс», №5
1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні болып жарияланды.
Нөмір публицист Валерий Могильницкийдің Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбек жолынан сыр шертетін, әріптестерінің естеліктерінен құралған «Во имя жизни» мақаласымен ашылып отыр.
«Шаһар» блогында «Бірінші жақтан» мемлекеттік қазынасын желге ұшырмау мәселесін қозғап, Астананы сумен қамтамасыз етудің балама жолын ұсынған Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішевтің сұхбатын оқи аласыздар («Деньги не пахнут, а тонут»).
«А-клуб» қоғамдастығының мүшелер саны 37-ге жетті. Жобаға Moto-Roller тобының жетекшісі Ильяс Аутов, «Казахстанская правда» газетінің шеф-редакторы Сәбит Малдыбаев, актриса Лейло Бекназар-Хайнинга, Қазақстанның тәуелсіз кәсіпкерлер одағының президенті Талғат Акуов қосылды.
Қазан айында «Дипломат» отелінде а-клубтықтардың алтыншы кездесуі өтті. Сондай-ақ Star Cinema кинотеатрында Ренат Давлетьяровтың «Стальная бабочка» фильмінің жабық көрсетіліміне қатысты.
Нөмірдің тақырыбы – «Страна и мир», яғни қазақстандықтар өздерін, елді өзге ел арқылы тануға тырысады.
Қыркүйек айында редакцияның өкілтобы Астанамен бауырлас қала – Қазанға сапар шегіп қайтты. Блокта Қазанның мэрі Ильсур Метшинмен сұхбат («Братья по разуму»), үш жылда мемлекеттік инвестицияны қайтарып, нөлдік кезеңнен пайда табуға көшкен Қазан IT-паркі («Интеллектуальный дом»), мыңжылдық тарихы бар шаһардың 2013 жылғы Универсиадаға дайындығы («Спортивная столица»), мұсылман кинофестивалі және мұсылман әйелдерінің дефилесі туралы («Совсем другое кино», «Хиджаб вне моды») мақалалар жарияланды.
Елордалық екі басылымның жаңа сандары жарық көрді
Последние статьи автора