Елордада тұңғыш рет жасанды интеллект қолданылған концерт өтеді

Елордада тұңғыш рет жасанды интеллект қолданылған концерт өтеді

4 мамыр күні Астана қаласы Бейбітшілік және келісім сарайында ақын, музыкант Мақпал Жұмабайдың «Erten» концептуалды концерті өтеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Концерт көкейкесті ойларға құрылған перформанстармен және көркемдік әрі визуал шешімдермен ерекшеленеді. Сондай-ақ, жасанды интеллект мүмкіндігін көркемдік деңгейде  пайдаланған Қазақстандағы тұңғыш концерт болмақ.

 

«Erteñ - бүгінгі мен кешегіні зерделей отырып, ертеңге көз тастау, ертеңге дайын болу туралы толғаныс. Бұл деген ертеңді сағыну, ертеңге үміт арту. Бүгінгінің әр сәті ертең үшін екенін қабылдау, ертең үшін қалтқысыз, қайтарымсыз қызмет ету.

 

Біздің команда жасанды интеллект мүмкіндігін  қолданғалы отыр. Яғни, ол сахнадағы қойылымдармен астасып, біртұтас организм сынды жұмыс істейді Бұл біздің күнделікті естіп-көріп жүрген дүниелерден бөлек. Сол себепті де кей тұсында санаңызды төңкеретіндей әсер беруі мүмкін», - дейді Мақпал Жұмабай.

 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, концептуалды концертте 60 баладан тұратын “Айналайын” хоры және кәсіби актерлер өнер көрсетеді. Сондай-ақ,  сахналық  қойылымдар қойылады. Концерттерінде тек жанды дауыста ән салатын Мақпал бұл жолы 17 авторлық туындысын ұсынады.

 

«Erten» 19:00-де басталады. Билеттерді ticketon.kz, zakazbiletov.kz сайттарынан алуға болады.

 

Мақпал Жұмабай – Maqpalsher музыкалық-поэтикалық жобасының авторы. “Жалғызым”, “Мақпалшер”, “Ауа”, “Қолыңды бер” музыкалық альбомдарының және бірнеше кітаптың авторы. Бұған дейін Лондонда және еліміздің бірнеше қаласында концептуалды концерттер өткізген.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста