Ел болып кітап оқу қайда?

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Бүгінгідей компьютерлік технологияларға тәуелділігіміз артқан заманда адам зейінін кітапқа аударту оңай емес. Кейбір тәуелсіз сарапшылардың пікірінше, соңғы уақытта елімізде әсіресе, көркем әдебиетті оқу көрсеткіші күрт төмендеп кеткен. Есесіне арнайы салалық, энциклопедиялық-танымдық кітаптарға, оқулықтарға деген сұраныс арта бастаған. Сондықтан да жан азығы саналатын көркем дүниелер терең насихатқа зәру. Бұл бағытта елімізде ара-тұра болса да белгілі бір уақыт аралығына ғана есептелген үлкенді-кішілі шаралар өтіп тұрады. Бірақ бүкіл елді кітапқа бет бұрғызатындай мақсатты түрдегі ауқымды бағдарламалар жоқтың қасы. Десек те, соңғы уақытта елімізде қолға алына бастаған «Бір ел – бір кітап» жобасының жөні бөлектеу.

Сіз айтасыз:
«Қазір — компьютердің заманы. Ешкім кітапханаға немесе кітап дүкеніне бармайды. Студенттер қашықтықтан оқып, оқушылар интерактивті тақтадан тәлім алады. Том-том кітаптарды арқалап келіп, парақтап отырғанша кез-келген керек дүниеңізді ғаламтордан-ақ ала аласыз. Бүгінде үлкен жазушысымақ біреулер болмаса, ешкім үйінде кітап жинамайды. Себебі ол көп орын алады әрі шаң жинайды. Оның үстіне қазіргі уақытта полиграфия бизнесі құлдырап кетті, себебі кітапқа сұраныс жоқ!

Біз айтамыз:
«Қандай да бір заман болмасын, қандай бір қоғам орнасын, кітаптың орнын ешқандай да техника алмастыра алмайды. Рас, компьютерлер жетілдіріліп, интернет жылдам дамып келеді. Бірақ бұлардың ешқайсысы осы уақытқа дейін кітап атаулыны адамзаттан аластата алған жоқ. Айналып келгенде ғаламтордағы мәліметтердің өзі сол кітаптан алынады. Бүгінде әр елде кітап басу және оны тарату ісі жақсы жолға қойылып, кітап дүкендері көптеп ашылуда. Демек, сұраныс бар...

Әр жылда әр автордың шығармаларына негізделетін бұл акция биыл 21-25 қыркүйек күндері аралығында Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасында Мағжан Жұмабайұлының лирикасы бойынша өтеді. Аталған ауқымды шара барысында маржан жырдың иесі атанған Мағжан ақынның поэзиясын оқытуды көздеген мәдени-танымдық бірнеше іс-шаралар ұйымдастырылмақ. Ал 23 қыркүйекте «Қазақ елі, бір ауыз сөзім саған...» атты поэтикалық марафон өткізілмек. Мұндағы мақсат – қазақ поэзиясында өзіндік дара қолтаңбасы қалған Мағжанның бай әдеби мұрасын насихаттау, ұлттық әдебиетімізді ұлықтау, сол арқылы жас ұрпақ бойына патриоттық сезімді сіңіріп, жалпы кітап оқу мәдениетін қалыптастыру.

Осылайша, біраз жылдан бері Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы «Бір ел – бір кітап» жобасын жариялап, жүзеге асырып келеді. Шараны ұйымдастырушылар бір кітапқа арналған оқу мерекесін мәдени қызмет саласына практика ретінде енгізуді өздерінің мақсаты етіп қойып отыр. Ұйымдастырушылар бұл шараны сауаттылық пен оқуды қолдаудағы жалпыұлттық бағдарламаның ең басты бөлігі деп санауда. Оқу мәдениетін дамыту үшін мемлекеттік органдардың, әсіресе мәдени-ағарту және қайырымдылық ұйымдарының, сондай-ақ, мектеп пен жоғары оқу орындарының бірлесе жұмыс жасауы аса маңызды. Ал кезекті акцияны жүзеге асыру үшін оқырмандарды бірден қызықтыратын және бүкіл ел халқын біріктіріп әкететін кітапты таңдау да оңай емес. «Бір ел – бір кітап» жобасын ұйымдастыру комитеті осы жоба идеясына қызығушылық танытқан кітапсүйер қауымды жанымызға рухани азық сыйлайтын кітапты бірге таңдап, бірге талдауға үндейді. Ұлттық академиялық кітапхана мен ҚР Кітапханашылар ассоциациясының бастамасымен және ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асып келе жатқан жоба бойынша талқылауға арналатын кітапты сарапшылар анықтап, оны ұйымдастыру комитеті бекітеді. Бұл жағдайда, негізінен, ұлттық гуманизм идеяларын, тарихи-мәдени дәстүрлерді, тарихи тамырластық пен осы заманғы еліміздің дамуын бейнелейтін әрі пікір сайыстыруға сай келетін көркем туындыларға аса мән беріледі. Жақсы дәстүрге айналып келе жатқан бір мерзімдік бұл шара жаппай оқу мен отандық әдебиетке, соның ішінде классикаға, сол секілді қазіргі заман әдебиеті мен поэзияға да қызығушылықтың әрі қарай өсе түсуіне ықпал етеді.

Негізінен, Астанада бастау алған бұл акция республикамыздың барлық аймақтарында жалғаспақ. Бұл күндері түрлі кітап көрмелері ұйымдастырылып, көптеген мектептер мен жоғары оқу орындарында арнайы сабақтар жүргізіліп, елімізге белгілі мәдениет және қоғам қайраткерлерімен, ақын-жазушылармен, ғалымдармен, өнер зерттеушілерімен кездесулер, әдеби кештер ұйымдастырылмақ. Ал шараға атсалысқысы келген басқа адамдардың таңдап алынған кітапты кез келген қолайлы жерлерде, үйде, жұмыста, саябақта тіпті өндіріс орындарында талдауларына болады.
Осы бағыттағы шараларды қатардағы ұстаздар мен кітапханашылар өздері-ақ ұйымдастыра алады.

Дерек
Бұл бастама әуелде АҚШ-та өте танымал болған «Бір кітап –
бір Чикаго» және «Егер Сиэтлдің бүкіл тұрғыны бір кітапты оқыса...» деген жобаларға негізделген. Мұндағы басты принцип – бір шығарманы көпшілікпен бір уақыт аралығында оқып, талқылау.
Бүгінде «Бір ел – бір кітап» жобасы көптеген елдерге кең тараған (Испания, Латын Америкасы елдері және Корея т.б.). Кезінде «Жүз жылдық жалғыздық» романының авторы Габриэль Гарсиа Маркестің 80 жылдығына арнап Испанияда оқу марафоны ұйымдастырылған. Қалаушылар романды бірнеше күн бойы үздіксіз дауыстап оқыған. Осы марафонды Испания Үкіметі басшысының орынбасары Мария-Тереса Фернандес де ла Вега өзі келіп салтанатпен ашқан. Бұдан дәл 40 жыл бұрын жарыққа шыққан романды жеті бетке сыйғызып айту үшін әрбір қатысушыға 15 минуттан ғана уақыт бөлінген.

2003 жылы Кореяда бірлесе оқуға, негізінен, балалар кітабы таңдалды. Бұл жоба одан кейін «Бір кітапхана – бір кітап», «Бір ауыл – бір кітап» деген жобалар түрінде көрініс тапты.
Ал ағылшындар 2006 жылы Жюль Верннің «Вокруг света за 80 дней» атты кітабын ел болып оқыды.
Қазақстандық оқырмандар болса – 2007 жылы еліміздің кітапсүйер қауымы Абайдың «Қара сөздерін», 2008 жылы М.Әуезовтің «Қилы заман» кітабын оқып, талқылады.

P.S. Әдебиеттанушылар мен сыншылар қазіргі кезеңде көркем кітаптардың көп оқылмауының бір себебі қаламгерлердің өзінде деген пікірді айтады. Олардың ойынша, мықты шығарма насихатты қажет етпейді. Себебі жақсы дүниені ел ешкім айтпаса да іздеп жүріп оқиды. Кітаптары қолдан-қолға өтетін сөз зергерлері бізде өте аз. Бәлкім, бұл біржақты пікір шығар, әйтсе де кітап насихатына арналған акциялар классикалық шығармалар мен қазіргі заман әдебиетіне қызығушылықтың артуына сәл де болса ықпал ететіні сөзсіз. Бірақ кезіндегі кеңес өкіметі тұсындағыдай «кітап оқу мәдениетін» қайта қалпына келтіру екіталай. Десек те, мұғалімдердің көмегімен бұл шараға сол баяғы студенттер мен мектеп оқушылары тартылады. Ал өзге жұртты кітап оқы деп күштей алмайсың...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста