Қайрат Нұртас пен Кәмшат Жолдыбаеваның қол ұстасып шыққан видеосы желіде нағыз шу тудырды. Көпшілік отбасылы әнші мен ашық образдарымен танылған сылқымның бұл әрекетін ерсі санап, оларды аяусыз сынап тастаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Қос жұлдыз бой көрсеткен видео Instagram парақшаларына тарап кеткен. Бейнежазбадан Қайрат пен Кәмшаттың қол ұстасып, бір-біріне күлімсірей әңгімелесіп келе жатқанын көруге болады.
Желі қолданушылары әншілерді нағыз жұпқа теңеп, олардың араларында сезім барын болжады. Кейбірі тіпті, видеодан әртістердің саусақтарымен ойнап жатқанын байқап қалған.
Алайда, сынның басым көпшілігі Жолдыбаеваға жаудырылды. Оқырмандар оны отбасылы әншіге тым жақындап алғаны үшін сынап, оның жары мен төрт баласы бар екенін есіне салған.
"Қайратты қолынан ұстап алыпты. Қайраттың әйелі көрсе не болар екен?" , "Құдай сақтасын. Қайрат Кәмшаттың қасында қалай жүрсің?" , "Алла қосқан жары мың есе әдемі деп ойлаймын" , "Саусақтарымен аймаласып жүр ғой", "Кім біледі араларында бірдене бар да шығар" , "Немене қолынан ұстап алған? Жаман көрінеді екен. Төрт баласы бар ғой" , "Күшті жарасып тұрсыңдар" , "Меніңше, әйелімен анағұрлым жарасымды" , - деп жазуда желідегілер.