Ертең ұлттық арна эфиріндегі «Екі жұлдыз» жобасының жеңімпаздары анықталады. Бағы жанған жұптың аты-жөні тікелей эфирде жария етіледі.
Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, желтоқсанның 24-і күні бағдарламаның бірінші секундынан бастап, шешуші рөл атқаратын SMS-дауыстар қабылданады. Көрермендер екі сағат бойы осы мүмкіндікті пайдалануы тиіс. Думанның соңында дауыстар мен қазылар алқасының бағасы есептеліп, соның нәтижесінде жобаның төртінші маусымының жеңімпаздары белгілі болады. Биылғы жобада тек қана әншілер өнер көрсетіп жатқандықтан, думанның соңы таяғанда нағыз мықтыны анықтау қиынға соғып жатыр. Қай-қайсысы да – сен тұр, мен атайын. Алғашқы орыннан бәрі де дәмелі. Жұлдыздар үш ай бойы бәсекелесіп келеді. «Елдің басты думаны» деген айдар тағылған «Екі жұлдыз», шынымен де, халықтық бағдарламаға, соның ішінде, рейтингі жоғары отандық телеөнімге айналды. Естеріңізде болса, бұл думанды бағдарламаның алғашқы маусымында – балерина Сәуле Рахметова мен әнші Мейрамбек Бесбаев, екінші маусымында – әртіс Рахман Омар мен әнші Маржан Арапбаева және үшінші маусымында тележүргізуші Қазбек Қасым мен әнші Ақбота Керімбекова жеңіп шыққан еді. Ендігі нағыз мықтылар кімдер болар екен?! Бағдарламаның ақтық сайысын жіберіп алмаңыздар.
«Екі жұлдыздың» жеңімпаздары анықталады
Последние статьи автора